Анна Лебедева Ақмола облысының шағын қаласының тумасы. 18 жасқа дейін ол ешқашан шетелде болған емес. Бала кезінен алыс елдерге баруды армандайтын, көп оқып жүріп, әйтеүір бір күні бүкіл әлемді шарлайтынын елестететін.
"Мен әрдайым түрлі елдерден келген адамдармен сөйлесіп, олардың мәдениеті, дәстүрлері мен тұрмыс-тіршілігі жайында әңгімелесетінмін. Шет тілі мұның бәріне қол жеткізеді. Қазіргі таңда - өз уақытында тіл үйреніп алғаныма өте қуаныштымын, өйткені ағылшын тілі саяхаттауыма, жұмысымда жаңа жетістіктерге жетуіме көмектесуде және бұл алдағы уақытта бүкіл әлемді тануыма да зор мүмкіндіктер туғызады! Сонымен қатар, мені басқа да шет ел тілдерін үйренуіме итермелейді, қазір айналысып жүргенім де осы".
Осы мақсатқа жету үшін Анна алдымен IELTS емтиханын тапсыруға шешім қабылдап 8.5 балл жинайды.
"IELTS - ең танымал тіл емтиханы екені бәрімізге аян. Сертификаттары жалпыға бірдей танылған. Мен Erasmus Mundus бағдарламасымен магистратураның қабылдау емтиханына тапсырдым. Екі жылдық оқу бағдарламасы ағылшын тілінде болды және сертификат міндетті түрде қажет құжат болды. Мен Британдық Кеңесте тест тапсыруды таңдадым. Дайындалуға мотивация болсын деп, шамамен екі ай бұрын жазылып қойдым. Сөйтіп маған бәрі ұнады. Барлығы өте ыңғайлы ұйымдастырылған, сұхбат шет тілде сөйлейтін адаммен өтті".
Сертификат Аннаға Erasmus Mundus ағылшын тілді бағдарламасы бойынша Францияның Страсбург университетінде магистратурада оқуына көмектесті. Бағдарлама екі жылды құрайды және оған Германиядағы Геттинген университетінде оқуын жалғастыру үшін екі университетті бірдей тәмәмдауға мүмкіндік береді.
"Оның үстіне, мен 2016 жылы Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде тағылымдамадан өтуге сертификат ұсындым. Сондықтан менің қолымда сертификат болғаны өте қолайлы болды. Сыртқы істер министрлігіне жұмысқа орналасу кезінде оның көшірмесін қоса бердім. Сонымен, мен қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үшінші хатшысы болып тағайындалдым. Болашақта ағылшын тілін білу деңгейін растау қажет болса, IELTS қайта тапсыра алатыныма сенімдімін. Өкінішке қарай, сертификат тек екі жылға жарамды".