Creative Central Asia 2019 main visual

ЖҰМА, 22 ҚАРАША | СЕНБІ, 23 ҚАРАША

2019 жылғы қараша айында өңірдің барлық креативті саланың көшбасшылары британдық әріптестермен бірге биылғы жылы Ташкентте өтетін Орталық Азияның креативті көшбасшыларының үшінші конференциясына қайта жиналады. Біз талқылай алмаған мәселелерді жалғастырып, өткен жұмыстарға баға береміз, сондай-ақ Орталық Азиядағы креативті экономиканы дамытудың күн тәртібін ілгерілету үшін жаңа мақсаттарды белгілейміз. Биылғы пікірталасқа Түркіменстан қосылады, осылайша, диалог бүкіл өңірді қамтитын болады. Осы жылы біз Орталық Азия елдерінің креативті және мәдени көшбасшыларының жаңа желісінің іргетасын қалап, өңірдің креативті экономикасы үшін манифест әзірлегіміз келеді.

негізгі тақырып : БЕЛСЕНДІ ЖӘНЕ ЫҚПАЛДЫ САЛА БОЛУ МАҚСАТЫНДА ӨЗ-ӨЗІМІЗДІ ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРА АЛАМЫЗ

4 тақырып. Креативті экономика үшін бизнес-модельдер

Орталық Азия мен Ұлыбританияда креативті хабтарды, шығармашылық кеңістіктерді, ұйымдарды басқару үшін мәдениет және креативті индустриялар саласында қандай бизнес-модельдер бар?

Мәдени және креативті сала үшін бизнес-білім берудің қандай түрі қажет және оны кім беру керек? Практикалық тәжірибе бизнес пен басқару дағдыларын оқыту қажеттіліктерімен қалай байланысты?

5 тақырып. Шығармашылық кәсіпкерлерге арналған дағдылар

Шығармашылық саланың нақты қажеттіліктері үшін кәсіпкерлік дағдыларды қалай үйрету немесе ынталандыру керек? 

Біздің білім беру және оқыту жүйеміз бізге цифрлық кәсіпкерлік пен "шығармашылық технологиялар" үшін қажетті нәрселерді бере ме? Келесі ұрпақ шығармашылық индустриялар үшін дұрыс цифрлық дағдылармен жабдықтала ма?

6 тақырып. Мәдени менеджмент

Мәдениет саласын басқаруда қазірде бар және жаңа қызметкерлерді қалай оқыту керек?

Саясаттан практикаға: әр түрлі салалардағы мәдени ұйымдар тұрақты болуы үшін біз қалай "болашақты" қамтамасыз ете аламыз?

7 тақырып. Техникалық білім беру

Шығармашылық индустриялар үшін қазіргі ОКБ жүйесі (Орта кәсіптік білім беру) қаншалықты өзекті?

Келесі ұрпақ шығармашылық индустриялар саласында жұмыс істеу үшін кәсіби цифрлық дағдылармен жабдықтала ма?