Армандарыңа бастар жол British Council ұсынған IELTS-тен басталады!

IELTS – жай ғана емтихан емес. Ол халықаралық білім алу мақсаттарыңа жетуге және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға көмектеседі. Ал енді British Council мен Air Astana серіктестігінің арқасында Лондонға екі әуе билетін ұтып алу мүмкіндігіне ие бол!

Шетелде білім алуды жоспарлап жүрсің бе немесе халықаралық тәжірибе жинауды армандайсың ба? IELTS нәтижесі әлем бойынша 13 500-ден астам ұйым тарапынан танылады және әлемнің көптеген университеттеріне оқуға түсу кезінде ағылшын тілін меңгеру деңгейіңді растауға мүмкіндік береді.

2026 жылғы 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында British Council-де IELTS емтиханына тіркеліп, Air Astana әуе компаниясынан Алматы–Лондон бағыты бойынша екі бару-қайту әуе билетін ұтып алу мүмкіндігіне ие бол!

Қалай қатысуға болады?

Екі әуе билетін ұтып алу мүмкіндігіне ие болу үшін екі қарапайым қадамды орында:

Өтінімдер 2026 жылғы 15 желтоқсан, Астана уақыты бойынша сағат 23:59-ға дейін қабылданады. Барлық талапқа сай қатысушылар арасынан бір жеңімпаз кездейсоқ таңдалып, 2026 жылғы 25 желтоқсанда жарияланады.

IELTS емтиханына тіркелуге дайынсың ба?

Қазақстанның барлық қалаларындағы емтихан күндерін қарап, дәл қазір тіркел!

Жиі қойылатын сұрақтар

Жоқ. Конкурсқа қатысу үшін 2026 жылғы 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында IELTS емтиханына тіркеліп, төлем жасау жеткілікті. Емтиханды кейінірек тапсыруыңа болады.

Иә! Емтиханның кез келген қолжетімді күнін таңдай аласың. Ол конкурс кезеңінен бірнеше ай кейін болса да болады. Қазақстанның барлық қалаларындағы емтихан күндерін қарап, осында тіркел.

Жоқ. Конкурсқа қатысу үшін IELTS емтиханына дәл конкурс кезеңінде, яғни 2026 жылғы 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында тіркелу қажет.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары қатыса алады. Сонымен қатар олар конкурстың өзге де талаптарына сай болуы тиіс.

Жоқ. IELTS емтиханына тіркелгеннен кейін British Council сайтындағы арнайы қатысушы формасын да толтыру қажет.

Конкурс аясында бір жеңімпаз анықталады. Ол Air Astana әуе компаниясынан Алматы–Лондон бағыты бойынша екі бару-қайту әуе билетін иеленеді.

Конкурс аяқталғаннан кейін British Council барлық талапты орындаған қатысушылар арасында кездейсоқ таңдау арқылы жеңімпазды анықтайды.

Жеңімпаз туралы ақпарат British Council Kazakhstan компаниясының ресми әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Сұрақтарың бар ма? IELTS емтиханына тіркелу бойынша көмек қажет болса немесе конкурсқа қатысуға қатысты қосымша сұрақтарың болса, бізге info@kz.britishcouncil.org электрондық поштасы арқылы хабарлас.

Сәттілік тілейміз! Оқу жоспарларың биікке самғауы мүмкін!