Бұл модульде оқушылар MGrowth Media.компаниясына жұмыс істейтін зерттеушілердің рөлін ойнайды.
Олардың жетекшісі конференцияда өзінің бұрынғы әріптесін кездестіреді, ол қатерлі ісік ауруларын зерттеуде ашытқы жасушаларын пайдаланады екен. Ол MGrowth компаниясына ашытқыларды өсіру үшін барынша қолайлы жағдай бойынша ұсыныстамалар дайындауды тапсырды. Оқушылар осы тапсырысты орындау барысында ғылыми зерттеу жүргізеді. Олар зерттеу бойынша баяндама дайындап, оған клиентке арналған ұсыныстамаларды қосады.
Оқушылар бейнежазбалар мен мәтіннің көмегімен мәтінмәнге енгізіледі. Содан кейін олар жасушалар туралы өздерінің білетіні туралы мәтін құрастырады. Олар жасушалар туралы біздің білім алуымызға негіз болған технологиялар мен ғылыми жаңалықтар туралы мағлұмат алады. Олар жарғақшалар туралы біліп, химиялық заттардың жасушаларға қалай кіріп, қалай шығатынын көрсететін тәжірибе өткізеді. Олар сондай-ақ клиент ашытқы жасушаларының көмегімен өткізіп те үлгерген, қатерлі ісік аурулары бойынша зерттеу жұмыстары туралы да мағлұмат алады. Сонымен қатар олар өздерінің зерттеуін жоспарлап, оны жүзеге асырады және зерттеу бойынша баяндама дайындайды. Баяндама олардың зерттеуін, сондай-ақ екінші топ жүргізген зерттеуді бағалау үшін және олардың ұжымдық жұмысын бағалау үшін пайдаланылады.