British Council (Британ Кеңесі) Алматы қаласының оқушылары арасында үздік бизнес-идеясын анықтау үшін конкурс жариялайды. Конкурс British Council-дың «Шеврон» компаниясымен серіктестігі негізінде жүзеге асырылатын «I-SEED: Инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік пен білім беру» атты жобасы аясында өтеді. Конкурстың мақсаты – оқушылар арасында кәсіпкерлікті дәріптеу, кәсіпкерлік және презентация жасау қабілеттерің дамыту, оған қоса бизнес-идеяларды тудыру қабілеттерін дамыту.
Конкурсқа қатысу шарттары:
Алматы қаласының орта білім беру мектептерінің 14-17 жас аралығындағы оқушылары жеке немесе топ құрып (әр топта 3 адамнан артпауы керек) конкурсқа қатыса алады.
Конкурс екі кезеңнен тұрады:
- 1 кезеңде (2018 жылдың 12 қарашасынан 30 қарашасы аралығында) жиналған бизнес-жоспарлар негізінде сайыскерлерді іріктеу өткізіледі. Конкурс тың 2-кезеңіне ең жоғары ұпай* жинаған ең көп дегенде, 10 топ / қатысушылары жолдама алады.
- 2 кезеңде (2018 жылдың 8 желтоқсаны) конкурстың бірінші кезеңінен өткен қатысушылар қазылар алқасына өздерінің бизнес-идеяларын питч ретінде таныстырады (құрылымданған қысқапрезентация).
1 іріктеу кезеңіндегі жобаларды бағалау критерийлері
- Құжаттардың толық болуы
- Идеяның бірегейлігі
- Ұсынылған бизнес-үлгінің тұрақтылығы және шынайылығы
- Бизнес-идеяны нақты жеткізе алуы
Конкурсқа қатысушы әр топ конкурс комиссиясының қарастыруына бір ғана жоба ұсынады.
Серіктестер: British Council, «Шеврон», Атырау облысы әкімдігі, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының Атырау облыстық филиалы
Сыйлықтар: Командалар бағалы сыйлықтарға ие болады
ӨТІНІМ БЕРУ
- Конкурсқа қатысу ережелерімен мына сілтеме бойынша оқып танысуға болады.
- Бизнес-идеялар конкурсына қатысу үшін 2018 жылдың 30 қарашасына дейін тіркеу нысаны мен бизнес-жоспар толтыру керек.
- Конкурс қатысушыларына бизнес-жоспардың мағынасын баяндау шарттары түсінікті болу үшін толтыру үлгісі ұсынылады.
Құжаттарды толтыру ережелері:
- Тіркеу нысаны мен бизнес-жоспар конкурсқа қатысу ережелеріне сәйкес 2018 жылдың 30 қарашасына сағат 18.00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) онлайн толтырылады.
- 1-кезеңнен іріктелген қатысушылардың барлығы финалға онлайн және офлайн режимінде дайындықтан өтеді.
- Конкурс финалистері өз жобаларын үш минуттық питч ретінде таныстырады. Питчинг кезінде финалисттер Power Point/PDF/Prezi форматтарындағы презентацияларды қолдана алады.