Студенттеріңіздің оқу процесін жақсартып, оқу орнындағы білім беру сапасын арттыру үшін сенімді әрі нақты тестілеу керек-ақ.
Aptis-тің көмегімен:
- Студенттеріңіз бен оқытушыларыңыздың ағылшын тілі деңгейін тиімді бағалап және бақылауға болады
- Оқушылардың қабылдау және оқу бітірудің сенімді процесін қамтамасыз етуге болады
- Білім беру бағдарламаларын жақсартып және түзеу үшін мықты және әлсіз тұстарды анықтауға болады
- Студенттерді тіл білудің нақты деңгейлері бойынша бөлуге болады
- Студенттердің ағылшын тіліндегі бағдарламалар бойынша оқытуға дайындығын қамтамасыз етуге болады.
Оқу орныңыздың беделін арттырыңыз
Aptis қызығушылық танытқан тараптарға оқу орнындағы ағылшын тілін үйрету сапасын көрсетіп, профиліңізді нығайтуға, ағылшын тілін меңгеру стандарттарын көтеруге көмектеседі.
Ағылшын тілін меңгеру машықтарын тестілеу саласындағы әлемдік көшбасшы British Council-мен серіктестіктің арқасында жаңа бәсекелестік артықшылыққа ие болыңыз.
Сенімді бағалауды таңдаңыз
Aptis ағылшын тілін меңгеру машығын бағалауда ең заманауи зерттеулерді негізге алады. Оның құрылымы, бағалау жүйесі және өткізілуі мониторинг пен сапаны қамтамасыз етудің жоғары стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
Aptis нәтижелері Шетел тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзіреттеріне (CEFR) байланыстырылған. Бұл дегеніміз оқушыларыңыз бен оқытушыларыңыздың машығы мен құзіретін оңай түсінуге мүмкіндік береді.
Aptis тапсырмалары коммуникатив түрде беріледі. Яғни олар ағылшын тілінде сөйлеу қабілетін кәдімгі өмірлік ситуациялар арқылы тексереді.
Тестілеу процесін оңтайландырыңыз
Aptis-тің ерекшелігі сол, өткізудің модульдігі мен бірегейлігі тұрғысынан алғанда тестілеу жүйесі икемді болып келеді. Өзіңіздің қажеттілігіңіз бен қалтаңызға қарай қай нұсқаның қажет екенін таңдап, не барлық тіл машығын болмаса кейбірін сынай аласыз. Сонымен бірге уақытын, орнын және қаншалықты жиі өткізу керегін де өзіңіз шешесіз.
Aptis-ке арнайы дайындық та қажет емес. Бар болғаны тестінің форматымен таныссаңыз жетіп жатыр. Осылайша, тестіні білім беру тәсіліне еш өзгеріс енгізбестен қазіргі жүйеңізбен байланыстыруыңызға әбден болады.
Білім беру саласындағы білімді бағалау
Мұғалімдер мен жасөспірімдердің бағасын жеңілдету үшін Aptis-тің мазмұнын арнайы бейімдедік. Өмірлік жағдайларға, жұмыстағы ситуацияларға тән контент пен сценарий ұсынамыз. Осылайша Aptis жасөспірімдер мен мұғалімдерге, яки кандидаттарға тест тапыратын тілде зейін қоюға мүмкіндік береді.
Оқытушыларға арналған Aptis мұғалімдер арасында ағылшын тілін меңгерудің жалпы деңгейін бағалайды. Оның міндеті оқытушылардың күнделікті бетпе-бет келетін сценарийлерге негізделеді.
Жасөспірімдерге арналған Aptis 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге бағытталады. Тестінің форматы мен сұрақтардың типтері де жасөспірімдердің күнделікті өміріне тән білімді қамтиды: әлеуметтік желідегі белсенділік, үй тапсырмасын орындау және спорттық шараларға қатысу.