Aptis — ағылшын тілін дамытуға арналған бағдарламаларыңыздың, қазір бар жүйелердің немесе тіл білу деңгейінің ұлттық эталонын бағалау элементі түрінде қолдануға болатын сенімді құрал.

Сіз Aptis-ті мына мақсаттарда қолдана аласыз: 

  • Қызметкерлер, оқытушылар мен студенттер арасында ағылшын тілін білу деңгейін бағалап, оларды халықаралық стандартпен (Шетел тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзіреттері) қатарластыруға болады. 
  • Білікті арттыру үшін ойға алған жоспарыңыздың негізін қалау үшін алдағы уақытта білім беру үшін салаларды анықтап, тілдік аудит жүргізуге болады.  
  • Ағылшын тілін білудің белгілі бір деңгейін қажет етететін потенциал клиенттерге әр түрлі кезеңдерде білімін нақты анықтауда тіл үйрету жобаларының қаншалықты табысты екенін бағалауға болады.

Ағылшын тіліндегі жобаларыңыздың қаншалықты тиімді екенін анықтаңыз

Aptis-тің нәтижелері нақты, себебі олар Шетел тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзіреттеріне (CEFR) толық сәйкес келеді. Бұл дегеніміз оқу бағдарламасынан өткен соң, белгілі бір мерзім ішінде тілді меңгеру деңгейін оңай салыстыруға мүмкіндік береді. Тестілеудің қорытындысына сүйене отырып, сіз қандай саясат құратыныңызды, білім беруде келешекте туатын қажеттіліктерді және персоналды дамытуды жақсы біліп, соған сай айқын шешімдер қабылдай аласыз.

Бағалау процесін оңтайландырыңыз

Aptis арқылы сіз тіл білу деңгейін барлық тіл машығы бойынша, немесе тек өзіңізге қажетін ғана тексере аласыз. Оны кез келген ортада, тіпті емтиханды көп адам тапсыратын болса да, онлайн, болмаса оффлайн форматта да өткізуге болады. Дайындық деңгейіне қарамастан, бұл тест кез келген кандидаттың қолайына келеді. Әрі икемді болғандықтан, соның арқасында уақытыңыз бен ресурсыңызды оңтайландыра аласыз. Өйткені олар сізге ағылшын тіліннен тест тапсыру үшін аса қажет.

Сенуге болатын тест түрін таңдаңыз

Біз зерттеулерге өте көп уақыт бөлеміз. Тестілерді әзірлеуден бастап, олардың нәтижесін есептеуге дейін үтір-нүктесіне мән береміз. Сондай-ақ, сапа мен бағаны қамтамасыз ету де біз үшін маңызды.

Aptis-ті біздің эксперттер командасы білімді бағалаудың жаңа үлгідегі технологияларына, әлеуметтік-когнитив жүйелер мен қазіргі зерттеулерге сүйене отырып жасады. 

Емтихан қабылдаушылар тарапынан қатаң бақылау болады. Бұл болса, қорытындылардың анық әрі сенімді болатынына кепілдік. Яғни сіз бізге білім беру бағдарламаларын, мектеп бағдарламаларын және ағылшын тілі ережелерін жасаған кезде толықтай сенсеңіз болады.

Білімді бағалау жүйесі сіздің қажеттіліктеріңізге қарай жасалған

Aptis-тің жалпы тест түріндегі нұсқасынан бөлек, мұғалімдер арналған арнайы түрін де жасап шығардық. Aptis-тің мұғалімдер арналған нұсқаларының көмегімен олардың тіл білу деңгейін өзіңіздің тілдік саясатыңыздан ақпараттандыру үшін өзекті әрі сенімді тәсілмен бағалай аласыз. 

Сонымен бірге біз сіздің командаңызбен бірге жұмыс істей аламыз. Яғни білім бағалау үшін жекелей шешімдер табуда жергілікті мәнмәтінге жауап беретін нақты қажеттіліктерге сәйкестендіреміз. Олар халықаралық стандарттарға сай әрі тестілеу жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.