©

Dr Maria Shahgedanova

Институционалды байланыстар бағдарламасы шеңберіндегі Реддинг Университетінің География және қоршаған орта ғылымдары департаменті мен Қазақстан Републикасының Білім және ғылым Министрлігінің География институты арасындағы әріптестік.

Жоба атауы: «Қазақстандағы ауа-райының өзгеруі, су ресурстары және азық-түлік қауіпсіздігі».

Жобаның басталуы: 01.04.2015

Жобаның аяқталуы: 31.03.2017

Жобаның интернеттегі парағы

Бұл жобаға Реддинг университетінен тоғыз ғалым, География институтынан жиырма ғалым, Назарбаев Университетінен төрт ғалым, және әл-Фараби Қазақ Ұлттық университетінен бірнеше ғалым жұмылдырылды.

Жобаның мақсаты – фермерлердің, жергілікті әкімшіліктің, ауылдық су пайдалану ассоциясы мүшелерінің ауа-райының өзгеріуіне бейімделулеріне осы жүзеге асырылып жатқан зерттеудің нәтижесін тарату арқылы көмектесу. 

Ұлыбритания тарапынан жобаның бас жетекшісі әрі Реддинг Университетінің қауымдастырылған профессоры Мария Шахгеданова:

«Бұл жоба біз үшін ауа-райының өзгеруі және су ресурстары туралы ең заманауи бақылау және үлгілеу тәсілдері арқылы дәл мәліметті табуға мүмкіндік береді. Біз өз жұмысымызда мұздықтардың еруі және ауыл шаруашылық жағдайы туралы деректерді автоматтық метеорологиялық станциялардан жинаймыз, ал алқаптардың ылғалдылығының және өсімдіктердің сипаттамасын білу үшін заманауи спутниктермен жиналған  ақпараттарға жүгінеміз. Біз климаттық, гидрологиялық үлгілеуді және астық өнімділігін үлгілеуді келешекте ауа-райының өзгеруін және су тасқындарын болжауға пайдаланамыз.  Сонымен қатар ауа-райының, су ресурстараның жеткіліктігін және олардың қалай басқарылғанын  ескере отырып, келешек астық өнімніділігінің қандай болатынын бағалаймыз.

Осы зерттеулер мен симуляциялық үлгілер кешендері жергілікті және аймақтық биліктерге су ресурстарын тиімдірек басқаруға және жұмыстарын келешек ауа-райы өзгерістеріне бейімдеуге көмектеседі.

Фермерлер суарудың және тыңайтқыштарды қолданудың нәтижелі тәсілдері туралы үйренеді және соның арқасында астық өнімділігін арттырады. Біз өз жұмысымыз барысында біздің ісімізге қызығушылық танытатын су ресурстарының қолданушыларымен және фермерлік қауымдастықтармен бірге жұмыс істейміз. Сондықтан біздің жобаны ортақ жұмыс деп атасақ асыра сілтегеніміз емес деп ойлаймыз.»

©

Dr Maria Shahgedanova

ОСЫ ЖОБАНЫҢ БІРІНШІ ЖЫЛЫНДА ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕР

  • Екі ғылыми жұмыстың импакт-факторы бар журналдарда жариялануы
  • Американдық геофизика одағының күзгі отырысында екі презентация жасалды (2015 ж.)
  • «Келешек әлемнің таулары 2015»  конференциясында презентация
  • Орта Азия Форумында презентация
  • 2015 ж. мамырында өткен  Халықаралық гляциология симпозиумында екі презентация жасалды. 

Бірлескен далалық ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жүйелі алмасу сапарлары жүзеге асырылуда: 2015-2016 жж. қазақстандық бірнеше жас ғалымдар Реддинг Университетіне сапар шекті. Сапар барысында олар ғылыми-зерттеу жұмыс тобының отырыстарына және семинарларына және Реддинг Университетінің ғалымдары өткізген  тренингтерге қатысты.

Жобаның жанама нәтижелері: Назарбаев Университетінің Зерттеу және Инновация институты (NURIS) мен Реддинг Университеті (UREAD) бірлесе «Эразмус Плюс» атты академикалық ауысу бағдарламасына өтінім тапсырды. Қазақстандық География институтының өкілі Зарина Сайдалиеваға Реддинг Университетінде оқуға халықаралық грант берілді. 

Аталғандарды түйіндей келе, жоба барысындағы барлық іс-шаралар тағы бір мақсатты көздейді. Ол  мансаптарының бастапқы кезеңіндегі ғалымдарға өз ғылыми-зерттеу біліктіліктерін көтеруге көмектесу.

ЖАРИЯЛАНҒАН ЖӘНЕ ЖАРИЯЛАНУҒА ӨТКІЗІЛГЕН ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН КОНФЕРЕНЦИЯЛАРДА ЖАСАЛҒАН ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАРДЫҢ ТОЛЫҚ ТІЗІМІ

(1)Усманова, З., М. Шахгеданова, И. Северский, Г. Носенко және В. Капица. 1976 және 2013 жж. аралығында Қазақстанның Орталық Тьяньшань,Текес өзені алабының гляциалды ауданының өзгеруін анықтау,  Ландсат және КН-9 суреттерін қолдану, «The Crysophere» Еуропаның Геоғылымдары Одағының ашық интерактивті басылымына тапсырылған.

(2)Капица, В., М. Шахгеданова, И. Северский, А. Медеу. Ландсат («Landsat») суреттерін қолдану арқылы 2002 және 2014 жж. аралығындағы Жоңғар Алатауы аймағындағы көлдердің өзгерулерін есептеу және анықтау. «The Cryosphere» Еуропаның Геоғылымдары Одағының ашық интерактивті басылымына тапсырылған.

(3)Жұматаев, Д., М. Шахгеданова, Д. Хейн. Қазақстандағы ауа-райының өзгеруін жоғары сапалы ауа-райы модельдерінің жинақталымдарын пайдалану арқылы анықтау.2016 ж. маусымында «Environmental Research Letters» ғылыми-зерттеу журналына тапсырылды.

КОНФЕРЕНЦИЯЛАРДА ЖАСАЛҒАН ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАР

(1)Усманова, З. және т.б. (2015) Текес өзені бассейніндегі мұздықтың ауданының өзгеруін анықтау, Орталық Тьянь-шань, Қазақстан. Ландсат суреттерін қолдану арқылы. «Mountains of the Future Earth 2015» («Келешек әлем таулары 2015»), 2015 ж. қазан, Перз, Ұлыбритания.

(2)Когутенко, Л. т.б. (2015) Тұйық Су мұздығы - соңғы 60 жылдағы Іле Алатау және Күнгей Алатау мұздық жүйесі өзгерістерінің  көрсеткіші, Қазақстан, Ландсат суреттерін қолдану арқылы, 2015 ж. Американдық геофизиктар одағының күздік отырысы, 2015 жылдың желтоқсаны, Сан-Франциско, АҚШ, шақыру бойынша жасалған презентация.

(3)Шахгеданова, М. және т.б. (2015) Су тасқыны кезіндегі Орта Азия таулары, 2015 ж. Американдық геофизиктар одағының күздік отырысы, 2015 жылдың желтоқсаны, Сан-Франциско, АҚШ, шақыру бойынша жасалған презентация. 

(4)Усманова, З. және т.б. (2016) Текес өзені бассейніндегі мұздық жамылғы ауданының өзгеруін анықтау, Орталық Тьянь-шань, Қазақстан. Ландсат суреттерін қолдану арқылы. Орта Азиялық форум, 2016 ж. наурызы, Кэмбридж, Ұлыбритания.

(5)Жұмабаев және т.б. (2016) Қазақстандағы ауа-райының өзгеруін жоғары сапалы PRECIS климаттық моделін пайдалану арқылы бағалау. Орта Азиялық форум, 2016 ж. наурызы, Кэмбридж, Ұлыбритания.