Dr. Дмитрий Берилло, Биосенсорлар және Биоинструменттер департаментінің аға ғалымы, ЖИ «Астана Ұлттық Лабораториясы», Назарбаев Университет және 2014 ж. Ньютон ғылыми-зерттеу байланыстары қысқа мерзімді ғылыми тағылымдама грантының иегері.
Ұлыбританиядағы реципиент институт: Фармакология және биомолекулярлы ғылымдар мектебі, Брайтон Университеті.
Ғылыми тағылымдаманың тақырыбы: «Хлорланған хош иісті құрамдарды жылжымайтын асыл металдар арқылы «жасыл» методпен декомпозицияландыру».
«Ньютон – Әл-Фараби» әріптестік бағдарламамен қолданған Дмитрийдің зерттеу жұмысы Қазақстан алдындағы тұрған мағызда қоршаған-ортаны қорғау мәселесіне үлес қосады. Дмитрий осы жұмысы туралы былай айтады: «Болашақта бұл технология токсикалық қосымдылардың декомпозициясынан шығатын CO2 деңгейін күрт төмендетеді. Индустрияда осы технологияны еңгізу және осы материалды қолдану ластанған су мәселесін шеше алады. Мысалы Қазақстанда орналасқан Ертіс өзенінің кейбір жерлерінде полихлор бифенилдерінің концентрациясы 7-4 мг/л жете алады, ал бұл өте көп және адам және жануарларға қатерлі. Сонымен, мен жұмыс істеп жатқан технология экосистемаға және адам денсаулығына жағымды әсер тигізеді».