Осы сұрақтарға Creative Spark бағдарламасының қатысушысы, Т. К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқу-әдістемелік қызметінің жетекшісі Жамиля Джумадилова жауап берді.
Оның пікірінше, шынайы өмірге тап болған жастар, бұл жағдайға үнемі дайын бола бермейді. Мәдениет және өнер орталықтарындағы дәстүрлі жұмыс орындары шектеулі болады, бәсекеге қабілетсіз, белгіленген жалақы жас мамандардың көңілінен шыға бермейді. Жақында ғана альма-матердің қабырғасынан кеткендердің біразы өнермен ғана жан бағуға шамалары келмейді.
Дегенмен, шығармашылық ортада кәсіпкерлік қызмет көрсету «күнделікті жан бағысқа» және өнерге қызмет етуге жақсы шешім бола алады деп атап өтті. Сонымен қатар, бүгінде елімізде жеке кәсіпкерлер мен фрилансерлердің жұмысы жақсы ұйымдастырылып, заңнамалық жағдайлары қарастырылған. Дегенмен, шығармашылық өкілдерінің бұл саладағы білімі мен дағдыларының жетіспеушілігі әлі де зор.
"Мұны біздің студенттер мен түлектерден байқауға болады. Кейбіреулері бұл саладан мүлдем бас тартады немесе өз жұмысын дұрыс ұйымдастыруды және мемлекеттен ұсынылған барлық мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланбауының себебінен тиімсіз жұмыс істейді".
Жамиля Джумадилова практикант музыканттардың мәселелерін жақсы біледі. Ол өзі де ұзақ жылдар бойы музыкалық коллективтерде жұмыс істеген.
“Ия, мен өзімнің алғашқы мамандығым бойынша музыкантпын, скрипка мен альтта ойнаймын, музыкалық топтарда - оркестрлерде, ансамбльдерде жұмыс істедім, сонымен қатар музыкалық жобаларға - фестивальдарға, музыкалық топтардың гастрольдерін ұйымдастыруға белсене қатыстым. 2011 жылдан бастап, Т. К. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-да жұмыс істей бастадым. Мен арт- менеджменті бойынша білім беру бағдарламасын жасаушымын, ұстазбын, білім саласындағы менеджермін. Әдістемелік бөлімді, біліктілікті арттыру институтын басқардым, мәдени ұйымдардың оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған семинарлар мен тренингтер өткіземін".
2018 жылдан бастап Goldsmiths, Лондон университеті және Impact Hub Pilot Almaty серіктестігімен Жамиля Джумадилова академияда Creative Spark бағдарламасын жүзеге асырады.
“Бұл жоба бітірушілер мен студенттерге арналған жұмыс орындарына байланысты жағдайдың өзгеруіне, кәсіпкерлік дағдылар мен ойлауды қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар, менің ойымша, ең бастысы - жастардың шығармашылық мамандықта қалып, өздеріне ұнайтын іспен айналыса жүріп, лайықты ақша тауып, мемлекетке және қоғамға көбірек пайдасы болуына мүмкіндік береді”.
Ол Creative Spark бағдарламасына қатысу арқылы шығармашылық ақыл-ойы бар адамдарға кәсіпкерлікті оқытуда ерекше тәсіл қажет екенін түсінгенін атап өтті.
“Кәсіпкерлік дегеніміз - жас суретшілердің бастапқы жолында көпшілігі ұмтылатын нәрсесі емес. Оларға бейнелі түрде емес, құрылымды түрде ойлау, кесте құрып және қаржылық жоспар құру қиынға соғады. Өнер университетінде кәсіпкерлікті оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар және ол бизнес саласындағы оқытуға қарағанда өзгеше болады. Бірақ Голдсмитс Университетіндегі креативті кәсіпкерлік сабақтарына қатысқаннан кейін бұл мүмкін екендігі белгілі болды. Голдсмитс білім берушілері бізге ерекше әдістеме тұрғысынан ғана емес, оқыту философиясынан да көп нәрсе үйретті. Біз «ағымда болу» дегенді, сондай-ақ жақсы нәтиже кезең-кезеңімен және өте мұқият жұмыс болған кезде ғана пайда болатындығын түсіндік және сезіндік. Меніңше, бұл таза ағылшындарға тән сапа және жұмыстың негізіне ұқыптылық, «ғасырларға құрайтын» ойлану әдеті сияқты. Тамаша қасиет! Мұндай қасиетті міндетті түрде үйрену керек! ”.