Бұл модуль химиялық реакциялардың негізін зерделеуге арналған. 

1-эпизод: Химиялық байқау жұмыстары

Бұл эпизодта асүйдегі отбасымен ішкен таңертеңгі астың көрінісі пайдаланылады; оқушылар түрлі физикалық және химияық реакцияларды байқайды, олардың арасындағы айырмашылықты анықтап, оларға анықтамалар береді. Одан кейін оқушылар химиялық реакцияның орын алғанының дәлелін табуды және оны экзотермиялық немесе эндотермиялық реакция ретінде айқындауды үйренеді. Содан кейін «жарықтанатын таяқшалар» мен өздігінен жылынатын консервіленген сусындардың тұрмыста пайдаланылуы және оның химиялық негіздемесі қарастырылады. Бұл орайда екі оқушы өткізген зерттеулер және зерттеуге негізделген оқу тәсілдемесі пайдаланылады. 

2-эпизод: Фейерверктердің қауіпсіздігі

Осы модульдің 2-эпизодында фейерверктер химиясы мен фейерверктердің қауіпсіздігі қарастырылады және оқушылар оттегі қатысатын реакциялар, оның жану мен тұтанудағы рөлі, сондай-ақ «өрт үшбұрышы» туралы мағлұмат алады. Оқушылар оқытушылар мен ата-аналар үшін фейерверктердің қауіпсіздігі бойынша ұсыныстамалар дайындауға тиіс өрт инспекторының рөлін ойнайды.