Форум тұжырымдамасы ақылшы кеңес қызметін атқаратын Стратегиялық топпен ынтымақтаса отырып әзірленді. Стратегиялық топ конференцияның тақырыптарын, қатысушылары мен сөз сөйлеушілерін, форумды бағалау және оның қорытындыларын тарату стратегиясын айқындауға көмектеседі. 

Топқа алты адам кіреді: үшеуі – Ұлыбританиядан және тағы үшеуі – Орталық Азиядан. Стратегиялық топтың мүшелері – өз елдеріндегі жасампаз экономика секторының жетекші өкілдері. 

Стратегиялық топтың мүшелері 2019:

Д-р Мартин Смит, Ұлыбритания

Ingenious Group тобының арнайы кеңесшісі, жасампаз индустриялар бойынша шақырылған дәріскер, Лондон университетінің Голдсмит колледжі, Ұлыбритания

Мартин бұқаралық ақпарат құралдары мен энергетика саласында маманданатын және Ұлыбританияда кино мен теледидар өнімдерін шығаруға инвестиция құйғанымен ерекше танымал болған британдық Ingenious инвестициялық компаниясының арнайы кеңесшісі болып табылады. Мартин Ingenious компаниясына корпоративтік пиар, мемлекеттік органдармен қарым-қатынас және жұртшылықпен байланыс мәселелері бойынша кеңес береді және ел ішіндегі және шетелдегі толып жатқан форумдарда компанияның атынан өкілдік етеді.

Сондай-ақ ол Ingenious компаниясының негізін қалаушы Патрик Маккеннамен филантропиялық жобалар, өнер, әлеуметтік инвестициялар және білім беру саласындағы жобалар бойынша жұмыс істейді және өзінің меншігіндегі West Bridge Consulting кеңестемелік фирмасын басқарады. West Bridge компаниясын құрғанға дейін Brunswick Group LLP компаниясының серіктесі болды, оның клиенттерінің қатарына Ресей Федерациясы, Чех Республикасы, Украина, Канада, Нидерланд, Австралия, Франция, Германия, АҚШ сияқты елдердің, сондай-ақ Ұлыбританияның мемлекеттік мекемелері мен жекеменшік кәсіпорындары кірген болатын. Одан бұрын Лондон мен Брюссельде тұтынушылармен қарым-қатынас және мемлекеттік саясат саласында жұмыс істеді, сондай-ақ Channel 4 арнасы жұмысының алғашқы кезеңінде Thames TV телерепортері болды.

Вестминстердегі St John’s Smith Square концерт залының төрағасы, сондай-ақ Young Vic театр компаниясының бұрынғы төрағасы болып табылады. Өнер мен гуманитарлық ғылымдар жөніндегі кеңестің «Мәдени құндылықтар» жобасының кеңестемелік тобының мүшесі болды. Ұлттық кино мен теледидар мектебінің (NFTS) кеңесшісі болып табылады. Сондай-ақ Ingenious компаниясы мен Англияның Өнер жөніндегі кеңесінің (ACE) бірлескен кәсіпорны – MeWe360 жасампаздық бизнес-инкубаторымен жұмыс істейді. Толығырақ: http://www.theingeniousgroup.co.uk/about-us/senior-management-team//mart....

Андреа Старк, Ұлыбритания

Жұмыспен қамту, дағдылар және мәдениет бөлімінің директоры, Ислингтон

Ксения Южанинова-Караденизли, Қазақстан

Кәсіпкерлік және  инновациялар мектебінің атқарушы директоры 

Ксения Южанинова-Караденизли 2014 жылы Almaty Management University оқу орнында Кәсіпкерлікті дамыту және инновациялар орталығының директоры лауазымында жұмыс істей бастады. 2019 жылы Кәсіпкерлік және инновациялар мектебінің (КИМ) атқарушы директоры болып тағайындалды. Жұмыс істеген бес жылдың ішінде КИМ Қазақстанда кәсіпкерлік білім берудің академиялық экожүйесін дамытудың пионеріне айналды. Мектеп елдің оқытушылары мен студенттеріне арнап кәсіпкерлік білім беруді белсенді түрде дамыту құралдарын әзірледі және ендіріп отыр, Қазақстанда кәсіпкерлік саласындағы тұңғыш бакалавриат курсын ұсынды, сондай-ақ университеттің және бизнестің арасындағы «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» аймақтық жобасын іске асырып отыр.

2018 жылы AlmaU КИМ Нортгемптон Университетімен (Ұлыбритания) бірге Қазақстандағы fashion-кәсіпкерлерге қолдау жасауға арналған Creative Spark грантын алды.

Ксения Южанинова-Караденизли Тель-Авив университетін бітірді. AlmaU оқу орнына дейін мемлекеттік секторда және консалтинг саласында көп жыл жұмыс істеді.

 

Данияр Аманалиев, Қырғызстан

Данияр Аманалиев «Ololo» арт-студиясының негізін қалаушысы.

Тимур Камалов, Өзбекістан

Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер дамыту қорының мәдениет және өнер, білім беру, инвестиция және патронаж бағдарламаларын жүзеге асыру департаментінің бастығы.