Форумның негізгі тақыраптары
  - жасампаз және мәдени экономика ұғымы: тұжырымдама және іс-тәжірибе негізінде, неліктен оның елдер үшін маңызы бар;
 
- аймақтардың, елдер мен қалалардың арасындағы, мемлекеттік және мемлекеттік емес мүдделі тараптардың арасындағы, «ескі» және «жаңа» мәдениеттердің арасындағы түрлі қарым-қатынастар мен байланыстардың маңызын мойындау;
 
- жасампаз экономика саясаты: оның құрылымын, түрлі деңгейлерін және оның мәдени саясаттан несімен өзгешеленетінін түсіну.
 
   - мәдениет пен жасампаздыққа инвестициялаудың және осындай инвестициялардың экономикалық және әлеуметтік дамуға қосатын үлесінің артықшылықтарын түсіну;
 
- әлеуметтік капиталды мәдениет арқылы дамыту;
 
- ұлттық ұмтылыстарды іске асыру: саясат пен жоспарларды әрекетке түрлендіру;
 
- басқа «ақылды» жасампаз қалалардың тәжірибесін зерделеу.
 
   - халықаралық тәжірибемен салыстыру: қандай үлгілер бар және олар Орталық Азияның әр түрлі елдеріне қаншалықты сай келеді; 
 
- ЮНКТАД, ЮНЕСКО, ЕО, ЭЫжДҰ және т.с.с. пайдаланатын жалпы қабылданған халықаралық механизмдер арқылы танымалдыққа ие болу.
 
   - фактологиялық қор не үшін керек және оны қалай құрады;
 
- біздің күшті және осал тұстарымызды қалай кәдеге жарату керек, мемлекеттік және мемлекеттік емес мүдделі тараптардың арасындағы қарым-қатынас;
 
- ұлттық дамуды қолдау үшін мәдени тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің әлеуетін қалай бағалау керек.
 
   - мәдениет саласындағы кәсіпорындар тиімді жұмыс істеуі үшін қандай адамгершілік қасиеттер мен мүмкіндіктер қажет; 
 
- тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сату көлемін қалай арттыруға, көбірек адам жалдауға және жалпы әл-ауқаттың нығаюына қалай белсендірек ықпалдасуға болады.
 
   - туризм экономикасын және түрлі елдерді/нарықтарды ерекшелейтін сипаттамаларды түсіну;
 
- бұрыннан бар күшті тұстар мен ресурстарды айқындау және пайдалану; 
 
- мәдени мұра мен туризм секторларындағы даму алғышарттары мен жаңа жұмыс тәсілдерін көру үшін мәдени саясат пен мәдени экономика саясатының арасындағы айырмашылықты түсіну.