Қазақстандағы түлектердің жетістіктерін атап өту
2024 жылдың 8 ақпан айында Қазақстандағы Британ Кеңес Ұлыбританияның үздік түлектері жеңімпаздары мен финалистерін жариялады. Марапаттау рәсімі Мәртебелі Елшісі Кэти Личтің резиденциясында өтті.\
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және 2022 Ұлыбритания түлектері сыйлығының жаһандық жеңімпазы, AIFC губернаторы Ренат Бектұров, Қазақстандағы Британ Кеңес Директоры Роберт Тэйлор және мемлекеттік стипендия түлектерін қолдайтын ұйымдардың төрағалары сияқты құрметті қонақтар қатысты.
Британдық Кеңес он жыл қатарынан дүние жүзіндегі Ұлыбританияның халықаралық түлектеріне жоғары жетістіктері үшін беделді сыйлығын табыстап келеді. Мараппатау рәсімі әлемнің 22 елінде аталып шықты.
Study UK Alumni Awards жеңімпаздары мен финалистері қоғамға, индустрияға, жалпы елдің дамуына елге оң үлестерін қосу үшін Ұлыбритания университетінде алған білімі мен тәжірибесін тиімді пайдаланған өз саласының көшбасшылары болып табылады. Study UK Alumni Awards сыйлықақысы Ұлыбританияның жоғары білімінің құндылығы мен әсерін байқатады және британдық түлектер мен олардың университеттерінің халықаралық беделін арттырады.
Осы жылы сыйлықақыға қазіргі таңда Ұлыбританиядан тыс елде тұратын, сондай-ақ, Ұлыбританияның акредиттелген оқу орнынан соңғы 15 жыл ішінде толық курсты (дәреже/біліктілік немесе одан жоғары) немесе кемінде бір семестр оқыған түлектері тапсырды.
Сыйлықақы төрт санат бойынша беріледі:
“Бизнес және инновациялар” санаты инновациялық немесе креативті жаңа идеяларға, шешімдерге немесе одан әрі өсу әлеуеті бар бизнес мүмкіндіктеріне белсенді түрде араласатын және үлес қосатын түлектерге беріледі.
Ол мына бағыттарды қамтуы мүмкін: кәсіпкерлік, бизнес, технология және қаржы.
“Мәдениет және шығармашылық” санаты өнер мен мәдениет саласында мансап пен ерекше жетістіктерге жеткен және өзінің көркемдік тапқырлығын, қоғамға ықпалы мен шығармашылығын көрсете алатын түлектерді марапаттайды.
Қызмет бағыттары мыналарды қамтуы мүмкін: өнер, дизайн, гуманитарлық ғылымдар, дәстүрлі медиа, музыка, бейне, теледидар, спорт, сондай-ақ, онлайн және аудиовизуалды медиа контент жасау (мысалы, блогерлік, әлеуметтік желілер және YouTube үшін влог жүргізу).
“Ғылым және тұрақты даму” санаты ғылым және тұрақты даму бағытында мансапқа жету жолымен және жетістіктерімен ерекшеленген, өз жетістіктерінің маңызы мен ауқымын қызметінде және одан тыс салаларда дәлелдей алатын түлектерге беріледі.
Қызмет бағыттары келесілерді қамтуы мүмкін: климаттың өзгеруімен күресу шаралары, таза энергия, медицина, тұрақты қалалар мен қауымдастықтар дамуы, машина жасау, өнеркәсіп және құрылыс.
“Әлеуметтік қызмет” санаты оң әлеуметтік өзгерістер жасауға және басқалардың өмірін жақсартуға айрықша үлес қосқан түлектерге беріледі.
Жұмыс бағыттары келесілерді қамтуы мүмкін: білім, бейбітшілік және әділеттілік жолында қызмет ету, теңсіздікті, сондай-ақ кедейлік пен аштықты азайтумен күресу және қоғамның әлеуметтік игілігі үшін өзге де ауқымды гуманитарлық жұмыстар атқару.
Сыйақылар
Қазақстанда әрбір финалист сертификатқа, ал жеңімпаздардың әрқайсысы кубок және құны 2000 фунт стерлингке дейін кәсіби біліктілігін арттыру мүмкіндігіне ие болды.
Сонымен қатар, беделді Alumni Awards сыйлықақысы мына мүмкіндіктерді қамтиды:
- жаһандық медиа алаңында халықаралық профиліңізді көтеру
- желілік және іскерлік байланыстарды кеңейту
- халықаралық байқаудың жеңімпазы болсаңыз, Ұлыбританияға кәсіби нетворкинг сапарын ұтып алу.