Қазақстандағы түлектердің жетістіктерін атап өту
2023 жылдың 28 ақпан айында Қазақстандағы Британдық Кеңес Ұлыбританияның үздік түлектері жеңімпаздары мен финалистерін жариялады. Марапаттау рәсімі Мәртебелі Елшісі Кэти Личтің резиденциясында өтті.
Салтанатты шараға Ұлыбритания Премьер-Министрінің Қазақстандағы сауда өкілі Баронесса Эмма Николсон, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және 2022 Ұлыбритания түлектері сыйлығының жаһандық жеңімпазы, AIFC губернаторы Ренат Бектұров, Қазақстандағы Британдық Кеңес Директоры Эрик Лоури және мемлекеттік стипендия түлектерін қолдайтын ұйымдардың төрағалары: «Болашақ» стипендиясын қаржыландыратын Халықаралық бағдарламалар орталығының төрағасы Олжас Сәкенов және Қазақстандағы Chevening түлектері қауымдастығының төрағасы Данияр Мұқитанов сияқты құрметті қонақтар қатысты.
Британдық Кеңес тоғызыншы жыл қатарынан дүние жүзіндегі Ұлыбританияның халықаралық түлектеріне жоғары жетістіктері үшін беделді сыйлығын табыстап келеді. Мараппатау рәсімі әлемнің 18 елінде аталып шықты.
Study UK Alumni Awards жеңімпаздары мен финалистері қоғамға, индустрияға және елге оң үлес қосу үшін Ұлыбритания университетінде оқу тәжірибесін пайдаланған өз салаларындағы көшбасшылар болып табылады. Study UK Alumni Awards сыйлықақысы Ұлыбританияның жоғары білімінің әсері мен құндылығын атап өтеді және Ұлыбритания түлектері мен олардың бұрынғы университеттерінің халықаралық беделін арттырады.
Осы жылы сыйлықақыға қатысуға өтініш Ұлыбританиядан тыс елде тұратын, сондай-ақ Ұлыбританияда кемінде бір семестр оқыған немесе Ұлыбританияның акредиттелген оқу орнынан толық курсты (дәреже/біліктілік немесе одан жоғары) соңғы 15 жыл ішінде аяқтаған түлектеріне берілген.
Сыйлықақының төрт санаты бойынша марапаттау болды:
- “Ғылым және тұрақты даму” санаты ғылым және тұрақты даму әлеміндегі мансабында және жетістіктерінде ерекше көзге түскен өз жетістіктерінің кәсіпте және одан тыс салаларда әсері мен ауқымын көрсете алатын түлектеріне беріледі. Қызмет бағыттары келесілерді қамтуы мүмкін: климаттық әрекет, таза энергия, медицина, тұрақты қалалар мен қауымдастықтар, машина жасау, өнеркәсіп және құрылыс.
- “Әлеуметтік қызмет” санаты оң әлеуметтік өзгерістер жасауға және басқалардың өмірін жақсартуға айрықша үлес қосқан түлектерге беріледі. Жұмыс бағыттары келесілерді қамтуы мүмкін: теңсіздікті, сондай-ақ кедейлік пен аштықты азайту. Білім және кәсіби даму. Бейбітшілік пен әділдік.
- “Бизнес және инновациялар” санаты инновациялық немесе креативті жаңа идеяларға, шешімдерге немесе одан әрі өсу әлеуеті бар бизнес мүмкіндіктеріне белсенді түрде кірісетін және үлес қосатын түлектер беріледі. Жұмыс бағыттары келесілерді қамтуы мүмкін: кәсіпкерлік, бизнес, технология және қаржы.
- “Special Ambassador's Award” санаты Қазақстанда өзінің кәсіби саласындағы үлгілі көшбасшылығымен және жетістіктерімен ерекшеленген және өз кәсібінде және одан тыс жерлерде өз жетістіктерінің ықпалы мен ауқымын көрсете алатын түлектерге берілетін “Мәдениет және шығармашылық” сыйлықақының орнына табысталады.
Сыйақылар
Қазақстанда әрбір финалист сертификатқа, ал жеңімпаздардың әрқайсысы кубок және құны 2000 фунт стерлингке дейін кәсіби біліктілігін арттыру мүмкіндігіне ие болды.
Сонымен бірге Alumni Awards беделді сыйлықақыны алудың кейбір артықшылықтары:
- жаһандық медиа саласындағы халықаралық профиліңізді көтеріңіз
- желілік және іскерлік байланыстарды кеңейтіңіз
- Ұлыбританияға кәсіби нетворкинг сапарды ұтып алыңыз