«БізАлматы» жобасының мақсаты – Алматы қаласының мәдениет, бизнес саласында 2020 жылға дейінгі дамуының және азаматтық қоғамды белгілі бір бағытта дамыту арқылы «белсенді азаматтар қаласын» қалыптастыру бағдарламасын іске асыруға көмектесу. Жоба Еуропалық Одақтың 430 мың еуро мөлшеріндегі қаржылық қолдауымен жүзеге асырылды.
Жобаны Британдық Кеңестен, Алматы қаласының әкімдігінен, Алматы қаласын дамыту орталығынан және Қазақстан-Британ техникалық университетінен құралатын серіктестер одағы іске асырды. Бағдарламаға сондай-ақ жоғары оқу орындары, жасампаздық индустриялар, әлеуметтік кәсіпкерлік салаларының өкілдері және Алматы қаласының азаматтары қатысты. Жобаны іске асыру мерзімі – 2017–2020 жылдар.