Қалалық бастамалар шеберханасы
"БізАлматы" жобасы аясында байқау қорытындысы бойынша қалалық бастамалар шеберханасының сессияларына қатысу үшін Алматы қаласының белсенді тұрғындары іріктелді. Интерактивті форматта қатысушылар әлеуметтік көшбасшылық, белсенді азаматтық тарту, тиімді коммуникация және әлеуметтік жобаларды құру дағдылары бойынша фасилитациялық бағдарламалар өтті. Семинарда жергілікті экономиканы дамыту және Алматыда креативті және әлеуметтік кәсіпкерліктің тұрақтылығын арттыру бойынша стартаптар талқыланды.
Қалалық бастамалар шеберханасының бағдарламасының негізінде Еуропа, Азия, Америка және Африка елдерін қоса алғанда, әлемнің 54 елінде Британдық Кеңес сәттілікпен жүргізетін "белсенді қала тұрғындары" бағдарламасы тұр.
Шеберхана фасилитаторларымен жүргізілді. Олар алдын ала Қазақстанда және Ұлыбританияда "Активті қала" арнайы бағдарламасыны өтті. Барлық фасилитаторлар 2017 жылдың жазында ашық байқау барысында іріктелген тәжірибелі тренерлер болып табылады.
Шеберхана жобасы бірнеше кезеңде өтті. 2017 ж. желтоқсан – 2018 ж. қаңтар айларында жобаның фасилитаторлары 45 адам қатысқан алғашқы қалалық бастамалар шеберханасын өткізді. Қатысушылар командалар құрып, "БізАлматы" жобалар байқауна қатысты. Командалардың бірі 5000 еуро көлемінде грант алып, өз бастамасын жүзеге асырды. Толығырақ мұнда.
2018 жылдың 3-4 қарашасында 84 қала тұрғыны қатысқан екінші (және қорытынды) шеберхана жинағының бірінші кезеңі өткізілді. Талқылау тақырыптары бизнес-үлгілерге әлеуметтік әсер іздеудің қалалық белсенділігін, қала әкімшілігімен тиімді қарым-қатынас жасау тәсілдерін және басқаларын қамтыды.
Ақыры, 2018 жылдың 24-25 қарашасында Қалалық бастамалар шеберханасының қорытынды кезеңі өтті. Қорытынды кезеңіне 63 адам қатысты.
Жалпы, қалалық бастамалар шеберханасы аясында 7 фасилитатор мен 200-ге жуық қала тұрғыны оқытылды.