«БізАлматы» жобасы қоғамдық ұйымдардың, билік органдарының, жекеменшік сектор мен азаматтық белсенділердің арасындағы ынтымақтастық пен өзара әрекеттестіктің жаңа нысандарын құруға бағытталған. Жоба қоғамдық ұйымдар мен жергілікті билік органдарының Алматы қаласының экономикасын дамытуға азаматтарды тартуға және әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға қажетті машықтары мен мүмкіндіктері болуы үшін олардың әлеуетін арттыруға ықпалдасатын болды.
Бағдарлама төрт құрамдастан тұрады:
- жергілікті билік органдарының, қоғамдық ұйымдар мен жекеменшік сектордың өкілдеріне арнап форумдар ұйымдастыру арқылы сұхбат жүргізетін платформа құру
- қоғамдық ұйымдардың, жергілікті билік органдарының, әлеуметтік кәсіпкерліктің және жасампаздық индустрия секторының өкілдері үшін семинарлар мен халықаралық таныстыру сапарларын ұйымдастыру арқылы құзырлықты дамыту бағдарламасы
- кедейлікті азайтуға және жергілікті өсу мен дамуды ынталандыруға бағытталған азаматтық жобаларды іске асыру үшін гранттар бөлу
- жоба барысында алынған машықтар мен білімді Қазақстанның басқа өңірлеріндегі қоғам қайраткерлерінің арасында тарату.
ТӘЖІРИБЕНІ ТАРАТУ
«БізАлматы» жобасының барысында жинақталған тәжірибе Қазақстанның басқа өңірлеріндегі қоғам қайраткерлерінің, жергілікті билік органдарының, әлеуметтік және жасампаз кәсіпкерлердің арасында таратылатын болды.
ЕСКЕРТУ:
Бұл бет Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен құрылған. Оның мазмұнына Британдық Кеңес, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Алматы қаласының әкімдігі және Алматы қаласының даму орталығы жауапты және Еуропалық Одақтың көзқарасын көрсетпейді.