Сұхбат жүргізілетін платформа жергілікті билік органдарына, қоғамдық ұйымдар мен жекеменшік секторға арналған форумдар тізбегі болып табылды.

Форумдар кәсіби, зияткерлік және техникалық мәселелер (мысалы, өмір сүруге қолайлы қала дегеніміз не; әлеуметтік тұрғыдан жанашыр әрі хабардар кәсіпкерлік экожүйені құру; әлеуметтік инвестициялық үлгілердің сипаты мен құндылығы; «ақылды қалалар» мен «ақылды азаматтарға» арналған технологияларды әзірлеу) бойынша білімді тереңдетуге және ортақтасуға бағытталды. Мәселелерді форумдарда талқылаудың нәтижесінде қоғамдық ұйымдар, жергілікті билік органдары мен жекеменшік сектор Алматыны «ақылды қала» ретінде дамыту жөніндегі бастамаларды іске асырудың бірлескен жолын таба алды. 

Өткен форумдарының суреттері мен мәліметтері төменде берілген:

 

Форум №1: «Алматы қаласын дамытуға қала тұрғындарын қатыстыру мәдениетін тарату»

British Council ұйымы Қазақстан-Британ техникалық университетімен (ҚБТУ), Алматы қаласын дамыту орталығымен (АДО) және Алматы қаласының әкімдігімен серіктестік шеңберінде бір күндік «БізАлматы» форумын ұйымдастырады. Форум 22 қыркүйекте ҚБТУ-да өтті. 

Үш жылдық «БізАлматы» жобасының шеңберіндегі бір күндік форум азаматтық қоғамды белгілі бір бағытта дамыту арқылы «белсенді азаматтар қаласын» қалыптастыру үшін билік органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және белсенді азаматтардың арасында сұхбат орнату мақсатында өткізіледі. 

Жоба Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің қаржылық қолдауымен іске асырылады. 

БАҒДАРЛАМА 

Форум туралы толығырақ ақпарат алу үшін оның бағдарламасын жүктеп алып, шығып сөйлеушілердің тізімімен танысуға болады. 

Форум №2: «Жасыл дәліз» бен қоғамдық кеңістік»

30 қарашада Британдық Кеңес, Алматы қаласының әкімдігі, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ, Қазақстан-Британ техникалық университеті Еуропалық Кеңестің қолдауымен ұйымдастырылған  «Жасыл дәліз» бен қоғамдық кеңістік» тақырыбындағы сұхбат алаңы пішімінде «БізАлматы» жобасының екінші форумын өткізді.

Сұхбат алаңының мақсаты: билік өкілдерінің, азаматтық қоғам мен бизнес-сектор өкілдерінің арасында қаланы дамыту және «жасыл дәліз» тұжырымдамасын іске асыру мәселелері бойынша сұхбат орнату.

Жоба Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің қаржылық қолдауымен іске асырылады. 

БАҒДАРЛАМА 

Форум туралы толығырақ ақпарат алу үшін оның бағдарламасын жүктеп алып, шығып сөйлеушілердің тізімімен танысуға болады. Талқылау хаттамасымен мына жерде танысуға болады.

Форум №3: «Smart City: тиімді шешімдер, стейкхолдерлердің қатысуы және қала тұрғындарын тарту»

15 ақпанда Британдық Кеңес Қазақстан-Британ техникалық университетімен, Алматы қаласын дамыту орталығымен, Алматы қаласының әкімдігімен және URBAN FORUM ALMATY ұйымымен бірлесе отырып сізді «Smart City: тиімді шешімдер, стейкхолдерлердің қатысуы және қала тұрғындарын тарту» атты сұхбат алаңын өткізді.

Сұхбат алаңы үш жылдық «БізАлматы» жобасының шеңберінде өткізіледі, жобаның мақсаты –  қала тұрғындарының өздерін қатыстыра отырып Алматыны «қала тұрғындарының өмір сүруі мен жұмыс істеуі үшін жайлы, халықаралық деңгейдегі заманауи қалаға» айналдыру  үшін билік органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және белсенді азаматтардың арасында сұхбат орнату. 

БАҒДАРЛАМА 

Форум туралы толығырақ ақпарат алу үшін оның бағдарламасын жүктеп алып, шығып сөйлеушілердің тізімімен танысуға болады. Пост-хабарламамен мына жерде танысуға болады.

Сіз сондай-ақ «Ақылды қала» бағдарламасын іске асыруға азаматтық қоғамның қатысуы есептемен таңыса аласыз.

Форум №4: Алматы қаласының Бас жоспарының тұжырымдамасын құру

2018 жылғы 26 сәуірде Британдық Кеңес, Алматы қаласының Әкімдігі, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ және Қазақстан-Британ техникалық университеті  «БізАлматы» жобасының «Алматының жалпы бас жоспарын әзірлеу» тақырыбындағы төртінші форумды өткізді.

Форумның мақсаты: Бас жоспардың тұжырымын әзірлеген кезде қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, қаланы дамытудың басым бағыттарын айқындау.

Форумның бағдарламасын мына жерде  және пресс-релизін мына жерде жүктеп алыңыз.

Форум №5: Қалалық ортаны жасаудағы креативті хабтардың рөлі. Placemaking

2018 жылғы 21 шілдеде Британдық Кеңес, Алматы қаласының Әкімдігі, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ және Қазақстан-Британ техникалық университеті «БізАлматы» жобасының «Қалалық ортаны жасаудағы креативті хабтардың рөлі. Placemaking» тақырыбындағы бесінші форумды өткізді

Аталған форум, Алматыда креативті экономиканың дамуы табысты қалалық кеңістіктердің құрылуына қалай әсер ете алатынын талқылауға арналған.

Форумның бағдарламасын мына жерде жүктеп алыңыз.

Форум №6: «Алматы қаласының көлік жүйесін дамыту стратегиясы»

2018 жылғы 20 қазанда Британдық Кеңес, Алматы қаласының Әкімдігі, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ және Қазақстан-Британ техникалық университеті сізді «БізАлматы» жобасының «Алматының жалпы бас жоспарын әзірлеу» тақырыбындағы алтыншы форумын өткізді.  

Форумның мақсаты: Бас жоспардың тұжырымын әзірлеген кезде қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, қаланы дамытудың басым бағыттарын айқындау.

Форум бағдарламасын мына жерде жүктеп алаңыз.

Форум №7: «Алматының ерекшелігі және туристік бренді»

Өткізілетін орны: Алматы қаласының туристік хабы (Б.Шолақ атындағы Спорт сарайы, Абай көшесі, 44, Байтұрсынов жағынан кіру).

Бейсенбі, 24 қаңтар 2019 жыл.

Алматылықтар деген кімдер? Алматы қандай қала? Туристі қызықтыру үшін оның ерекшелігін қалай зерделеп көрсетуге болады? Алматы бредингін қалай жылжытып, оны танымал етуге болады?

Форумның соңғы қорытындысы: Алматы туристік брендін жылжыту бойынша жұмыс тобын қалай құруға болады?

Форум №8: «Алматы – балалар қаласы»

Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдерге қалалық ортаның достық тақырыбына негізгі стейкхолдерлер мен жұртшылықтың назарын аудару.

Алматы қаласының "Балаға мейірімді қала" бастамасына қосылу мүмкіндігін талқылау, осы бастаманың негізгі аспектілерін қаланы одан әрі дамыту стратегиясының саяси басымдықтарының қатарына енгізу. 

Негізгі  тақырыптар: Балалар мен жасөспірімдер үшін қолайлы және қауіпсіз қалалық ортаны құру. Қаланың дамуы туралы шешімдерді әзірлеуге, қабылдауға және іске асыруға балалар мен жасөспірімдердің қатысу құралдары.

Өткізу күні: 26 ақпан 2019 жыл

Өткізу уақыты: 10.00 - 16.30

Өткізу орны: Q-Lab қалалық жобалар зертханасы (Айманов к-сі, 122)

Бағдарламасы.

Форум №9: «Алматы - қолжетімді және инклюзивті қала»

Мақсаты: Негізгі стейкхолдерлер мен жұртшылықтың назарын қалалық ортаның қол жетімділігі тақырыбына және қаланың физикалық инфрақұрылымын қоса алғанда, инклюзия мәселелеріне, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас және ерекше қажеттіліктері бар адамдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде қала тұрғындарының мәдениеті мен этикасына аудару. 

Нәтиже: Алматы қаласының қолжетімділігі мен инклюзивтілігі бойынша жалпы қалалық жұмыс тобын құру

Өткізу күні: 30 сәуір 2019 жыл

Өткізу уақыты: 13.00 - 18.00

Өткізу орны: Novotel Hotel, Достық көш., 104а.

Бағдарламасы.

«БізАлматы» Нұр-Сұлтан қаласында қонақта конференциясы

12 қыркүйекте Astana International Campus алаңында «БізАлматы»  Нұр-Сұлтан   қаласында қонақта конференциясы өтеді.  Іс-шараға билік және бизнес органдарының өкілдері, сондай-ақ азаматтық белсенділер мен әлеуметтік кәсіпкерлер қатысады. Конференция барысында қатысушылар Алматы, Нұр-Сұлтан  қалаларында табысты жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы және қала тұрғындарын қалаларын дамытуға тарту принциптері туралы біледі.  Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар Нұр-Сұлтан қаласының нақты проблемалық кейстермен жұмыс жасап, өздерінің тәжірибелік ұсыныстарын жасайды.

Мақсат: Қала тұрғындарын қаланы дамытуға тарту бойынша Алматы және Нұр-Сұлтан  қалаларының тәжірибе алмасуы және қала тұрғындары мен Нұр-Сұлтан  қаласының әкімдігіне «БізАлматы» жобасының тәжірибесін беру. 

Өткізу күні: 12 қыркүйек 2019 жыл 

Өткізу уақыты: 09.30 - 17.00

Өткізу орны: Astana International Campus, Үздіксіз кәсіптік даму бюросы (BCPD Ltd.),   Мәңгілік Ел даңғылы, 55/23

Бағдарламасы

«БізАлматы» Шымкент қаласында қонақта конференциясы

Іс-шара мақсаты: Қаланы дамытуға қала тұрғындарын тарту және «БізАлматы» жобасы тәжірибесін Шымкент қаласының тұрғындары мен әкімдігіне беру бойынша Алматы және Шымкент қалаларының тәжірибе алмасуы.

«Белсенді тұрғындар қаласы» тақырыбын құруға Шымкент қ-ның негізгі стейкхолдерлердің және жұртшылықтың назарын тарту. 

Өтетін күні: 20 қараша 2019 жыл

Өтетін уақыты: 09:30 – 17:30

Өтетін орны: Grand Ballroom, Rixos Khadisha Shymkent

Бағдарламасы

Жабу фестивалі

Мақсаттары:
• «БізАлматы» фестивалінің қорытындысын шығару және жобаны ресми түрде жабу
• Қаланы дамытудағы әрбір азаматтың рөліне көңіл аудару
• Бизнес пен әкімшіліктің қалалық қоғамдастықтарының коммуникациялары үшін
платформа жасау
Өткізу күні: 2020 ж. 29 ақпан
Өткізу уақыты: 12:00–18:00
Өткізу орны: Q-lab қалалық жобалар зертханасы