By Alina Promska

08 June 2021 - 16:12

Close up of a man practising writing for IELTS.

IELTS-тен қалаған баллды алу үшін барлық төрт бөлімде жақсы нәтиже көрсету керек. Үміткерлердің айтуынша жазылым тесттің ең қиын бөлімі деп саналады. Сондықтан әлем бойынша бағалантын IELTS сарапшыларының бірінен жазылым бөлімінде ұпайыңызды жоғарылатудың ең жақсы тәсілдерімен бөлісуін сұрадық.

Мұнда Алина Промска сынақ күні ең жақсы деңгейде білім деңгейін көрсетуге арналған тоғыз негізгі кеңесті атап өтті.

IELTS жазылым бөлімі дегеніміз не?

Мен өз кеңестеріме көшпес бұрын, IELTS-тің жазылым бөлімін толықтай түсіндіруге уақыт бөлген жөн.

Біріншіден, IELTS-тің жазылым бөлімінің екі түрі бар: IELTS General Training және IELTS Academic. Қай түрді тапсыруды нәжтижені қажет ететін мекемеден біліп алыңыз. Тесттің қай түрін таңдасаңыз да, жазылымда екі тапсырманы орындауыңыз керек.

  •     Task 1 - IELTS General Training үшін сіз хат жазасыз; IELTS Academic үшін сіз график, кесте, чарт немесе диаграмма түріндегі деректерді таңдайсыз, салыстырасыз және қорытындылайсыз.
  •     Task 2 - сіз тесттің екі түрінде де эссе жазасыз, дегенмен IELTS General Training жалпы тақырыптарды көбірек пайдаланады.

Әрі қарай бағалау өлшемдерін түсіну маңызды. Оның төрт критерийі бар.

  • Task achievement -сіз тапсырманың негізгі ақпаратын қаншалықты жақсы қарап шықтыңыз және суреттедіңіз.
  • Cohesion and coherence -сіз өзіңіздің идеяларыңызды қаншалықты дұрыс ұйымдастырғаныңыз және байланыстырғаныңыз және шылауларды қалай қолданғаныңыз (мысалы, ‘in addition’, ‘for instance’, ‘furthermore’, ‘however’, ‘moreover’ және ‘nevertheless’).
  • Lexical resource -сіздің сөздік қорыңыз қаншалықты кең және дәл, және аз кездесетін сөздік қорды қолдануыңыз (мысалы, идиомалық тіркестер немесе кәсіби жаргон).
  • Grammatical range and accuracy - сіз қолданатын грамматикалық құрылымдардың диапазоны және дәлдігі (мысалы, шартты сөйлемдер, who / which / that қатыстық сөздерін, модальді фразалар мен инверсияларды қолдану).

Тесттің жазылым бөлімінде ұпайыңызды қалай жақсарту үшін кеңестер

Сіз жазылым бөлімінің қыр-сырымен таныс болсаңыз, енді тестілеу күнінде ең жақсы нәтижеге жетуге көмектесетін кеңестеріме көшейік.

1. Уақытты тиімді пайдаланыңыз

Бөлімді толығымен аяқтауға 60 минут уақыт беріледі. Екінші тапсырманы орындау сіздің нәтижеңізге көбірек әсер етеді, сондықтан мен сізге бірінші тапсырмаға 20 минут, ал екінші тапсырмаға 40 минут уақыт жұмсауға кеңес беремін. Жоспар құруға және жазғаныңызды қарап шығуға уақыт бөліңіз. Тәжірибелік тестілерді орындау кезінде 60 минуттық уақытты қою әдетін қалыптастырыңыз.

2. Сөздердің санын тексеріңіз

Бірінші тапсырма үшін кемінде 150 сөз, екінші тапсырма үшін 250 сөз жазу керек. Егер сөз саны аз болса, сіз ұпай жоғалтасыз.

3. Тапсырманы түсіну

Нұсқаулықты мұқият оқып, негізгі сөздердің астын сызыңыз немесе белгілеңіз. Қандай сұрақтарға жауап беру керектігін және қандай ақпарат қосу керектігін біліңіз.

4. Өз ойларыңызды логикалық жүйеге келтіріңіз

Бес минутқа дейін идеяларды ойлап, қандай ақпарат қосатыныңызды таңдаңыз. Өз ойларыңызды логикалық түрде ұйымдастырыңыз және абзацтар, сөйлемдер мен сөз тіркестерін шылаулар арқылы байланыстырыңыз.

5. Әдістерді түсіну

Әр тапсырма әр түрлі тәсілді қажет етеді.

Task 1 (Academic) – негізгі тенденциялар мен ерекшеліктерді анықтау; кіріспеде синонимдерді қолданып және грамматикалық құрылымды түрлендіре отырып, тапсырмадағы ақпаратты қайта жазыңыз; негізгі абзацтарды логикалық түрде ұйымдастырыңыз; барлық деректерді сипаттамаңыз - тек сұраққа қатысы бар нәрсені ғана атап өтіңіз; қорытындыда бас бөлігіндегі негізгі үрдістерді қорытындылаңыз.

Task 1 (General Training) – сұрақты талдаңыз; негізгі ақпаратты қолдана отырып идея құрастырыңыз; абзацтарды сіздің негізгі ойларыңыз бойынша жоспарлаңыз; хат жазыңыз.

Task 2 – кіріспе, мәтіннің негізгі бөлігінде кем дегенде екі абзац және қорытындысын жазу; кіріспеде сұрақты қайта тұжырымдап, өзіңіздің пікіріңізге сүйене отырып тезис құрастыру; өзіңіздің негізгі идеяларыңызды сипаттайтын тақырыптық сөйлемдер жазыңыз - бір идеяға бір тақырыптық сөйлем - және әрбір негізгі абзацтың басына бір тақырыптық сөйлем қолданыңыз; тақырыптағы сөйлемді қолдау үшін абзацтың қалған бөлігінде түсіндірмелер мен мысалдарды қолданыңыз; қорытынды бөлімде түйінді ойларыңызды қорытындылаңыз.

6. Стиль туралы ойланыңыз

Тапсырманың әр түріне сәйкес стиль қажет (ресми, жартылай ресми немесе бейресми), ол сіздің грамматикалық құрылымдар мен лексикалық ресурстарды таңдауыңызды анықтайды.

7. Өз жұмысыңызды тексеріңіз!

Әр тапсырманы орындағаннан кейін әрқашан мұқият тексеріп отырыңыз. Келесі сұрақтар оны тексеруге көмектеседі: 

  • Сіз өзіңіздің грамматикаңыз бен сауаттылығыңызды тексердіңіз бе?
  • Сіз тапсырмада талап етілгендердің барлығын қамтыдыңыз ба?
  • Сіз ақпаратты абзацтарға бөлдіңіз бе?
  • Сіз әр абзацқа тақырыптық сөйлем жаздыңыз ба?
  • Сіз өзіңіздің түйінді ойларыңызды қорытындыда келтірдіңіз бе?
  • Кіріспеде сіз тапсырмадағы сұрақты өзгертіп жаздыңыз ба?
  • Сіз шылаулар мен дискурс маркерлерін қолдандыңыз ба?
  • Сіз мәтіндегі қайталанған сөздерді тексердіңіз бе?
  • Сіз күрделі сөйлемдерді қолдандыңыз ба?

8. Грамматикалық диапазоныңыз бен лексикалық қорыңыз бойынша жұмыс жасаңыз

Сынақ күніне дейін әр түрлі контекстегі жаңа сөздерді үйрену үшін жарнамалар, мақалалар, оқулықтар, журналдар, есептер және сынақ тестілеріндегі үлгілері сияқты әртүрлі ресурстарды оқуға уақыт бөліңіз. Күрделі құрылымдар мен жаңа сөздерді қолдана отырып, сөйлемдер құруға машықтаныңыз.  Common European Framework of Reference for Languages жүйесінің C1 және C2 деңгейлеріне арналған грамматикалық құрылымдарды қарастырыңыз.

9. Өз қателіктеріңізден сабақ алыңыз

Жазбаңызда кеткен қателерді жазып алу үшін оқу журналын бастаңыз. Осы қателіктерды түзету арқылы үйреніңіз. Мүмкін IELTS-ке дайындалып жатқан достарыңызбен немесе әріптестеріңізбен бірге оларды талдаңыз. Осылайша сіз өзіңіздің әлсіз жақтарыңызды күшті жаққа айналдыра аласыз. 

Егер сіз алдағы IELTS емтихандарының күндерін көргіңіз келсе немесе емтиханның құнын білгіңіз келсе, IELTS брондау парағына кіріңіз.