Түлектердің болашақтағы мүмкіндіктерін кеңейту
Осы бағдарлама арқылы біз ұзақ мерзімді серіктестік құрып, нақты өзгерістерге қол жеткізуге, сондай-ақ кез келген адамға, әсіресе әйелдер мен қыздарға, олардың біліктілігін, білімін және әлемдік еңбек нарығында өз орнын тауып, қызметтерінде өсу әлеуетін жетілдіруге көмектескіміз келеді.
Халықаралық білім беру жүйелеріндегі жергілікті ортаның мән-жайын терең түсінгендіктен, біз түлектерді болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндігін кеңейту мақсатында адамдарды тәжірибе мен біліктілікпен алмасу үшін біріктіреміз.
Біздің жұмысымыз білім беру саясатының дамуына ықпал етіп, Қазақстан, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Түркия, Украина және Өзбекстанда нәтижелі білім беру жүйелерін құруға көмектеседі ..
БІЗ КЕЛЕСІ ҮШ БАҒЫТТА ЖҰМЫС ІСТЕЙМІЗ:
●Жоғары білім беру саласындағы ағылшын тілі: біз жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқу құралы ретінде пайдалануына, сондай-ақ ағылшын тілінің дамуына үлес қосқымыз келеді. Біздің мақсатымыз - түлектерге халықаралық саудаға қатысуға мүмкіндік беріп, ғылыми-зерттеу саласында халықаралық ынтымақтастықты күшейту.
●Оқыту сапасы. Біз жоғары оқу орындарында оқыту мен білім беру сапасын жақсартқымыз келеді. Сапаны жоғары деңгейде ұстау стандарттарды құру және оларды сақтап қалу үшін маңызды. Біз оқу мекемелермен бірге білім беру стандарттарын көтеру, стратегияларды әзірлеу және біліктілік орталықтарын құру бағыттарында жұмыс істейміз.
●Түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері: жоғары білімнің қолжетімділігі жұмыссыздықтың төмендеуіне әкелмейтіні бәріне белгілі. Алайда, біз студенттерді болашақ еңбек нарығына қажет болатын дағдыларды үйретіп, ХХІ ғасырдың қоғам талаптарына сай болуына бар күшімізді салуымыз керек.