2018 жылдың ақпан айында Бішкекте Ұлыбритания мен Қырғызстанның университеттерінің жоғары білім беру ісін интернационалдандыру бойынша форумы бірінші рет өтті. Форумды Қырғыз Республикасындағы Ұлыбритания Елшілігінің қолдауымен British Council (Британдық Кеңес) ұйымдастырды. Форумның мақсаты – Қырғызстанда жоғары білім беру ісінің мүмкіндіктері мен қиындықтарын айқындау, халықаралық серіктестіктерді жолға қою бойынша білімі мен машықтарын бөлісу, Қырғызстан мен Ұлыбританияның жоғары оқу орындарының арасындағы ынтымақтасу мүмкіндіктерін талқылау.
Форумға Қырғызстан мен Ұлыбританияның жетекші университеттерінің өкілдері қатысты. Осы іс-шара барысында қатысушылар халықаралық серіктестіктер құру кезіндегі британдық университтердің негізгі басымдықтары туралы біліп, Қырғызстанның жоғары оқу орындарын интернационалдандыру басымдықтарын өзара келісті және одан арғы ынтымақтастық үшін байланыс жолдарын белгіледі. Форумның шеңберінде сондай-ақ болашаққа қажетті машықтары бар кәсіпкерлердi даярлау туралы және білім беру саласында халықаралық ынтымақтастық орнату туралы пікірталастар өтті.
Талқылау нәтижелері бойынша Ұлыбритания мен Қырғызстанның жоғары оқу орындарының арасындағы серіктестікті дамыту бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді.
Форумда сөйлеушілердің презентациялары:
Ұлыбритания мен Қырғызстанның университеттерінің форумы Британдық Кеңестің жоғары білім беру ісін интернационалдандыру бойынша жаһандық бағдарламасының шеңберінде ұйымдастырылды. Бағдарлама халықаралық білімнің, білім беру реформалары мен зерттеулердің ықпалы арқылы жаһандық деңгейдегі оңды өзгерістерге ықпалдасуға бағытталған. Бағдарлама Ұлыбританияға да, басқа елдерге де бірдей пайда әкеліп экономикалық және әлеуметтік өркендеуге ықпалдасатын халықаралық байланыстарды жолға қою үшін қолдау көрсетуді қамтиды.