Өткен жылғы конференцияның барысында сектордың халықаралық мәні туралы қоғамды белсендірек түрде хабардар ету, дәлелдемелік базаны құру және болашаққа арналған стратегияны әзірлеу мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Үстіміздегі жылы біз стратегияны қалай іс жүзіне асыруға, сондай-ақ мәдени және жасампаздық секторды қалай өркендеуге болатынын талқылаймыз.

Елдің өзі туралы және әлемдегі өзінің орны туралы көкейдегі көрінісін мәдениеттің бейнелей алатынын ұғыну... Елдің мәдени тұрғыдан өз болмысын көрсетуінің түрлі пішіндері «жұмсақ күш» тұжырымдамасымен және сәйкестік туралы оңайға соқпайтын мәселелермен қалайша тоқайласады? Және бұл шығармашылық индустрияларға қалай әсер етеді?

Өзіміздің қай жерде екенімізді түсіну... Өткен жылғы конференциядан бері қандай жағдайлар орын алды, біздің елдердегі жасампаз индустрия үшін не нәрсе өте маңызды болып табылады.

Мәдени және жасампаздық бағыттағы бизнесті өркендету үшін инновациялар мен кәсіпкерлікті дамыту... Хабтардың, оқу орындары мен білімнің мәні туралы көзқарас. 

Ақпарат пен аудиторияны дұрыс түсіну инновацияларда және мәдени туризмді, мұражайлар мен қолөнер секторын дамытуда табысқа жетуде қалай көмектесе алады.

Қала кеңістігін жоспарлау мен пайдалану мәдени және жасампаз экономиканы дамытуға қалайша көмектеседі және бұған кімдер қатыстырылуға тиіс? Біз қаншалықты ашық бола аламыз?