Ingenious Group тобының арнайы кеңесшісі, жасампаз индустриялар бойынша шақырылған дәріскер, Лондон университетінің Голдсмит колледжі, Ұлыбритания
Мартин бұқаралық ақпарат құралдары мен энергетика саласында маманданатын және Ұлыбританияда кино мен теледидар өнімдерін шығаруға инвестиция құйғанымен ерекше танымал болған британдық Ingenious инвестициялық компаниясының арнайы кеңесшісі болып табылады. Мартин Ingenious компаниясына корпоративтік пиар, мемлекеттік органдармен қарым-қатынас және жұртшылықпен байланыс мәселелері бойынша кеңес береді және ел ішіндегі және шетелдегі толып жатқан форумдарда компанияның атынан өкілдік етеді.
Сондай-ақ ол Ingenious компаниясының негізін қалаушы Патрик Маккеннамен филантропиялық жобалар, өнер, әлеуметтік инвестициялар және білім беру саласындағы жобалар бойынша жұмыс істейді және өзінің меншігіндегі West Bridge Consulting кеңестемелік фирмасын басқарады. West Bridge компаниясын құрғанға дейін Brunswick Group LLP компаниясының серіктесі болды, оның клиенттерінің қатарына Ресей Федерациясы, Чех Республикасы, Украина, Канада, Нидерланд, Австралия, Франция, Германия, АҚШ сияқты елдердің, сондай-ақ Ұлыбританияның мемлекеттік мекемелері мен жекеменшік кәсіпорындары кірген болатын. Одан бұрын Лондон мен Брюссельде тұтынушылармен қарым-қатынас және мемлекеттік саясат саласында жұмыс істеді, сондай-ақ Channel 4 арнасы жұмысының алғашқы кезеңінде Thames TV телерепортері болды.
Вестминстердегі St John’s Smith Square концерт залының төрағасы, сондай-ақ Young Vic театр компаниясының бұрынғы төрағасы болып табылады. Өнер мен гуманитарлық ғылымдар жөніндегі кеңестің «Мәдени құндылықтар» жобасының кеңестемелік тобының мүшесі болды. Ұлттық кино мен теледидар мектебінің (NFTS) кеңесшісі болып табылады. Сондай-ақ Ingenious компаниясы мен Англияның Өнер жөніндегі кеңесінің (ACE) бірлескен кәсіпорны – MeWe360 жасампаздық бизнес-инкубаторымен жұмыс істейді.