«БізАлматы» жобалар конкурсының жеңімпаздары

26 сәуірде Алматыда «БізАлматы» жобасының «Алматының жалпы бас жоспарын әзірлеу» тақырыбындағы төртінші форумы өтті. Іс-шараның барысында «БізАлматы» жобалар конкурсының жеңімпаздары жарияланды. 

Конкурс 2017 жылғы қарашада Алматы қаласын орнықты дамытуға арналған әлеуметтік және экономикалық жобаларға бастамашы болуға және іске асыруға қаланың тұрғындарын тарту мақсатында жарияланған болатын. 

Конкурстың шеңберінде 130-ден астам өтінім түсті. Жеңімпаздардың әрқайсысы өздерінің жобаларын іске асыру үшін Еуропалық Одақтан 5 000 еуроға дейін алды.

«БізАлматы» жобалар конкурсының жеңімпаздар тізімі:

Конкурс туралы

Британдық Кеңес, Алматы қаласының әкімдігі, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ және Қазақстан-Британ техникалық университеті жобалар конкурсының басталғаны туралы жариялады. Әр жобаға берілетін гранттың ең үлкен мөлшері 5 000 еуро. 

Жобаны Қазақстандағы Еуропа Одағы қаржыландырады. 

ФИНАЛШЫЛАРДЫ «БІЗАЛМАТЫЗ» ЖОБАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІНЕН ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ САРАПШЫЛАРДАН ТҰРАТЫН ІРІКТЕУ КОМИССИЯСЫ ТӨРТ ӨЛШЕМ БОЙЫНША ІРІКТЕДІ:

  1. Жобаның қала/қалалық қоғамдастық(тар) үшін қажеттілігі мен маңыздылығына айқын негіздеме беру, соның ішінде бенефициарлар мен негізгі мүдделі тұлғаларды айқындау;
  2. Қисынды түрде құрылған әрі ұғынықты жұмыс жоспары, бюджеттің ауқымында қол жеткізуге болатын міндеттер, өзіңіздің және (немесе) бұрыннан келе жатқан және жаңа серіктестеріңіздің ресурстарын тарту;
  3. Жұмыс жоспарымен жақсы байланыстырылған ақылға қонымды әрі үнемді бюджет;
  4. Жобаны кеңейтуге арналған әлеует және грант барысында және ол аяқталғаннан кейін жобаның орнықты дамуын көздейтін бизнес-жоспар өтінім берушілердің қаланың экономикалық және әлеуметтік басымдықтарымен байланысты салаларды таңдауына және азаматтардың мүдделеріне бағдар алған тәсілдемені паш етуіне мүмкіндік береді.