«БізАлматы» жобалар конкурсының жеңімпаздары

13 сәуірде Алматыда «БізАлматы» жобалар конкурсының жеңімпаздары жарияланды. Конкурс 2018 жылғы қарашада Алматы қаласын орнықты дамытуға арналған әлеуметтік және экономикалық жобаларға бастамашы болуға және іске асыруға қаланың тұрғындарын тарту мақсатында жарияланған болатын. Конкурстың шеңберінде 100-ден астам өтінім түсті. Жеңімпаздардың әрқайсысы өздерінің жобаларын іске асыру үшін Еуропалық Одақтан 5 000 еуроға дейін алды.

«БізАлматы» жобалар конкурсының жеңімпаздар тізімі:

Жоба Сипаттамасы
Пластик қалдықтардың дайын өнім етіп қайта өңдейтін Rocket plastic шеберханасы
  1. Қысқа мерзімдіден ұзақ мерзімдіге қарай тұжырымдамасы арқылы пластикке «екінші өмір» сыйлау
  2. Меншікті online алаңы арқылы eco-friendly өнімдер нарығын дамыту
  3. Ересек адамдар мен балалардың арасында zero waste, sorting және recycling қағидаларын лайфстайл ретінде тарату
  4. Жеке сатып алушыларға арнап пластикті қайта өңдейтін станоктарды жасау 
  5. Сommunity құру және пластик қалдықтармен күресте бірігу

Eco-Scan мобильді қолданбасы (жұмыс атауы)

Қолданбаның мұраты — қалдықтарды бөлек-бөлек жинау ережелеріне үйретуден саналы түрде тұтыну, тауарларды не үшін керек екенін жете түсініп сатып алу қағидасына келу арқылыэкосаналы азаматтар буынын өсіру. Eco-Scan мобильді қолданбасының мақсатықалдықтарды сұрыптау қағидаларын зерделеп түсіне бастаған адамдарға көмектесу
«Зағип Адамдарға Ыңғайлы Аудан» 2019 жылдың 6 айы ішінде Алматы қаласы Алатау ауданының әлеуметтік инфрақұрылымының 10 мекемесінде зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған тосқауылсыз ортаны құру.
«Алматы оазисі» Қоршаған ортаның пластик және газ қалдықтарынан ластануы проблемасына адамдардың назарын аудару.
Cityzen Playground (3:0 микроклубы) Жоба шеңберінде біздің Cityzen Space студиясыәріптестерімен бірлестікте қала мәдениетін орталықсыздандыру мүмкіндігін зерттеуді және орталыққа жатпайтын қоғамдық кеңістіктерде қала тұрғындарының бос уақытын өткізуін дамытуды жоспарлап отыр
Қалалық ферма Қала тұрғындарының арасында қалалық және дәстүрлі фермерлік мәдениетін қалыптастыру және нығайту үшін Алматыда тұңғыш көрнекті сити-ферма құру.

Конкурс туралы

Британдық Кеңес, Алматы қаласының әкімдігі, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ және Қазақстан-Британ техникалық университеті жобалар конкурсының басталғаны туралы жариялады. Әр жобаға берілетін гранттың ең үлкен мөлшері 5 000 еуро. 

Жобаны Қазақстандағы Еуропа Одағы қаржыландырады. 

ФИНАЛШЫЛАРДЫ «БІЗАЛМАТЫЗ» ЖОБАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІНЕН ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ САРАПШЫЛАРДАН ТҰРАТЫН ІРІКТЕУ КОМИССИЯСЫ ТӨРТ ӨЛШЕМ БОЙЫНША ІРІКТЕДІ:

  1. Жобаның қала/қалалық қоғамдастық(тар) үшін қажеттілігі мен маңыздылығына айқын негіздеме беру, соның ішінде бенефициарлар мен негізгі мүдделі тұлғаларды айқындау;
  2. Қисынды түрде құрылған әрі ұғынықты жұмыс жоспары, бюджеттің ауқымында қол жеткізуге болатын міндеттер, өзіңіздің және (немесе) бұрыннан келе жатқан және жаңа серіктестеріңіздің ресурстарын тарту;
  3. Жұмыс жоспарымен жақсы байланыстырылған ақылға қонымды әрі үнемді бюджет;
  4. Жобаны кеңейтуге арналған әлеует және грант барысында және ол аяқталғаннан кейін жобаның орнықты дамуын көздейтін бизнес-жоспар өтінім берушілердің қаланың экономикалық және әлеуметтік басымдықтарымен байланысты салаларды таңдауына және азаматтардың мүдделеріне бағдар алған тәсілдемені паш етуіне мүмкіндік береді.