IELTS One Skill Retake дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді?
IELTS One Skill Retake - бұл бүкіл тесті қайта тапсырмай-ақ қажетті тест нәтижесін алуға көмектесетін жаңа мүмкіндік. Егер сіз белгілі бір дағдыдан ұпайыңызды жақсартқыңыз келсе, IELTS-тің төрт дағдысының кез келгенін – тыңдау, оқу, жазу немесе сөйлеуді қайта тапсыра аласыз.
IELTS One Skill Retake осы тесттүрлері үшін қол жетімді:
- Academic және General Training IELTS компьютерлік тест
- IELTS UKVI (Academic және General Training) компьютерлік тест
IELTS One Skill Retake артықшылықтары
- Бір дағдыға назар аударыңыз: Егер сіз бірінші тестте өзіңізді жақсы көрсетпесеңіз, One Skills Retake сізге ағылшын тілін меңгеру D10деңгейін көрсетуге және тестті толығымен қайта тапсырмай-ақ бір бөлім бойынша нәтижелеріңізді жақсартуға екінші мүмкіндік береді. Тесттің барлық төрт дағдысын қайта сынамай-ақ тек бір дағдысына қатысты бөлігін ғана орындап, уақытыңыз бен ақшаңызды үнемдеңіз.
- Өзіңізге таныс тестті тапсырыңыз: IELTS One Skill Retake тесті IELTS тестімен бірдей форматта және мерзімде өткізіледі. Бұл сіздің қазірдің өзінде тестпен таныс екеніңізді білдіреді. Жаңа емтиханға дайындық және әртүрлі тапсырмаларды зерттеу туралы алаңдаудың қажеті жоқ.
- Тест туралы есептің жаңа формасын алыңыз: сіз IELTS One Skill Retake нәтижелері көрсетілген IELTS тесті туралы есептің жаңа формасын аласыз. Ол сондай-ақ бастапқы сынақтың нәтижелерін және жалпы CEFR ұпайын қамтиды. Сіздің нәтижелеріңіз бастапқы тестілеу күнінен бастап екі жыл бойы жарамды болады, оны сіз Тест туралы есептің формасынан таба аласыз.
- Бастапқы тестіңіздің нәтижелері өзгеріссіз қалады: бастапқы тесттің басқа нәтижелері өзгермейді. Нәтижелеріңізді алғаннан кейін сіз өз қалауыңыз бойынша бастапқы ұпайыңызды пайдалана аласыз.
IELTS One Skill Retake қалай брондауға болады?
- Егер сіз жақында IELTS компьютерлік тестін толығымен тапсырсаңыз, емтиханды қайта тапсыруға жазыла аласыз.
- Сондай-ақ, нәтижелеріңізді IELTS One Skill Retake тапсыру мүмкіндігі бар тестілеу орталығынан алуыңыз керек.
- Сіз бастапқы тестіде тек бір дағдыны және бастапқы тестіден кейін 60 күн ішінде бір дағдыны қайта тапсыра аласыз.
- One Skill Retake-ті брондау үшін Тест тапсырушы порталына кіріңіз, сонда сіз IELTS нәтижелерін көре аласыз. Тесттің бір бөліміндегі нәтижені жақсартқыңыз келсе, сол бөлімге сәйкес келетін “Қайта тапсыру” батырмасын басыңыз.