IELTS тестінің нәтижелерін қашан ала аламын?

IELTS тест нәтижелерін көп күтудің қажеті жоқ. Компьютерде IELTS тапсырсаңыз, нәтижелеріңіз әдетте 2 күн ішінде келеді.

Нәтижелерді Test Taker Portal порталында тексеруге болады. Оларды кейін пайдалану үшін PDF форматында жүктеп ала аласыз.

Тест Уақыт
IELTS on Computer 1-2 күн
IELTS for UKVI on Computer 1-2 күн
IELTS for UKVI Life Skills 7 күнге дейін

IELTS компьютерлік тестілеу нәтижелерінің көпшілігі 1-2 күн ішінде қол жетімді болғанымен, кейде сіздің нәтижеңіз бен жеке куәлігіңіздің дұрыстығына көз жеткізу үшін тестті тексеру үшін қосымша уақыт қажет.

Тест тапсырған күннен бастап екі жыл ішінде біз сіздің TRF сертификатыңыздың онға дейінгі қосымша көшірмесін сіз өтініш беріп жатқан ұйымдарға (мысалы, университеттерге, иммиграция қызметтеріне және т.б.) тегін тікелей жібере аламыз. Ұйымдардың толық пошталық мекенжайларын Test Taker Portal порталында көрсетіңіз, сонда біз олардың IELTS сертификатын тексеру қызметіне (IELTS Test Report Form Verification Service) қол жеткізе алатынын тексере аламыз. Бұл қызмет оларға нәтижелеріңізді электронды түрде көруге мүмкіндік береді. Егер мұндай қолжетімділік болмаса, біз сіздің TRF сертификатыңызды пошта арқылы жібереміз.

IELTS сертификатыңыздың қосымша көшірмелерін тест нәтижелерін талап ететін ұйымдарға жіберуді қаласаңыз, бес тегін сертификатқа қоса, әр ұйымға жіберілген әрбір көшірме үшін 5 000 теңге әкімшілік алым төлеуіңіз қажет.

Төмендегі шотқа төлем жасаңыз:
Ұйым: British Council (Kazakhstan)LLP
Банк: JSC Citibank Kazakhstan
IBAN: KZ3983201T0200445000
SWIFT: CITIKZKA
BIN: 150540016608
KNP: 859
KBE: 17

Сондай-ақ келесі құжаттарды info@kz.britishcouncil.org электрондық поштасына жіберу керек:

  • Сертификаттың қосымша көшірмесін алуға өтініш
  • Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесі
  • Төлемнің расталуы

Содан кейін біз TRF-тің онлайн көшірмесін тікелей мекемеге жібереміз.

Егер сіз өтініш беріп отырған мекемеде IELTS сертификатын тексерудің онлайн қызметі болмаса, біз TRF-тің қағаз көшірмесін дайындаймыз. Оны тек курьер арқылы тікелей оқу орнына жіберуге болады. Курьерлік қызметтерді үміткер төлейді.

Білім беру мекемелері сіздің нәтижеңізді IELTS online verification service қызметіне хабарласу арқылы ала алады. Ол үшін оларға сіздің TRF нөміріңіз қажет болады, оны сертификатыңыздың төменгі оң жақ бұрышынан таба аласыз.

Қосымша сертификаттарға сұраныстарды өңдеу үшін 10 жұмыс күніне дейін уақыт кетуі мүмкін екенін ескеріңіз.

Тесттің әрбір бөлімі үшін сіз ағылшын тілін меңгеру деңгейіңізді көрсететін 0-ден 9-ға дейінгі меже бойынша IELTS ұпайларымен көрсетілген баға аласыз.

Сіздің сертификатыңыз (TRF) төрт дағдының (тыңдалым, оқылым, жазылым және сөйлеу) әрқайсысы үшін ұпайды, сондай-ақ жалпы ұпайды көрсетеді. Тесттің әрбір бөлімінде не бүтін ұпай (мысалы, 5.0, 6.0, 7.0) немесе жарты ұпайды (мысалы, 5,5, 6,5, 7,5) алуға болады.

Ұпайларыңыз қалай есептелетіні туралы толығырақ білу үшін мында өтіңіз.

Біз IELTS тестінің нәтижелері тест тапсырылған күннен бастап екі жыл бойы жарамды деп есептеуді ұсынамыз. Бұл екінші тілді ұмытуға қатысты зерттеулерге негізделген. IELTS нәтижелерін қабылдайтын ұйымдар оларды бұдан да ұзақ мерзімге қабылдай алады, сондықтан бұл ақпаратты сол ұйымнан тікелей нақтылап алғаныңыз жөн.

Тест тапсырғаннан кейін ағылшын тілін белсенді түрде сақтағаныңыз немесе жақсартуға тырысқаныңыз туралы дәлелдеме бермеген жағдайда, ұйымдар сіздің IELTS нәтижелеріңізді екі жылдан асқан болса, әдетте қабылдамайды.

IELTS серіктестері екі жылдан асқан сынақ нәтижелерінің жарамдылығын растай алмайды.

Егер алған нәтижеңіз күткеніңіздей болмаса, тест жұмысыңызды қайта тексеруге өтініш бере аласыз. Бұл нәтижелерді қайта қарауға сұраныс (Enquiry on Results – EOR) деп аталады. Қайта тексерілетін тест бөлімдерін өзіңіз таңдап, осы қызметке тест тапсырған ресми тестілеу орталығы арқылы өтініш бере аласыз. Өтінішті тест тапсырған күннен бастап алты аптадан кешіктірмей беру қажет.

Егер тек бір бөлім бойынша ұпайыңызды жақсартқыңыз келсе, бүкіл емтиханды қайта тапсырмай-ақ сол бөлімді ғана қайта тапсыра аласыз. Бұл бір дағдыны қайта тапсыру (One Skill Retake – OSR) деп аталады. Тесттің тек бір бөлімін қайта тапсыруға болады және ол бастапқы емтихан тапсырылған күннен бастап 60 күн ішінде өткізілуі тиіс.

Нәтижелерді қайта қарауға сұраныстың (EOR) және бір дағдыны қайта тапсырудың (OSR) өзекті құны туралы ақпаратты біздің жария офертамыздан қараңыз.

IELTS on Computer және IELTS for UKVI on Computer: нәтижелерді қайта қарауға (EOR) немесе бір дағдыны қайта тапсыруға (OSR) өтінішті Test Taker Portal арқылы онлайн беріп, төлем жасай аласыз.

IELTS for UKVI Life Skills: өтінішіңізді электрондық пошта арқылы жіберіңіз. Міндетті түрде төлемді растайтын құжатты қоса тіркеңіз.

IELTS тестін қайта тапсыруға ешқандай шектеулер жоқ. Өзіңізді дайын сезінген кезде, жаңа тест тапсыру күніне бірден тіркеле аласыз.

Тестті қайта тапсыру алдында ағылшын тілі деңгейін көтеру үшін айтарлықтай күш салмайынша, ұпайыңыздың көтерілуі екіталай екенін ескеріңіз. Дайындық тестін тапсырып, өз деңгейіңізді бағалау үшін сілтеме бойынша Тестке дайындық бөліміне өтіңіз.