“Connections Through Culture” гранттық бағдарламасы Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы шығармашылық ынтымақтастыққа ықпал етеді. Бағдарлама шығармашылық салалар мен мәдени ұйымдардың даму кезеңіне қарамастан, олардың бірлескен жобалары мен тың идеяларын қаржыландырады.
Бағдарламаның осы кезеңіндегі басым бағыттар – көптүрлілік пен инклюзивтілікті дамытуға ықпал ететін жобалар, сондай-ақ климаттың өзгеруіне байланысты мәселелерді шешуге бағытталған бастамалар. Елдер мен түрлі өнер бағыттары арасындағы мәдени ынтымақтастық жаһандық сын-қатерлерді еңсерудің жаңа мүмкіндіктерін ашады.
Гранттар жаңа әріптестіктердің қалыптасуына, тәжірибе алмасуға және шығармашылық мамандар, мәдениет саласы қызметкерлері мен ұйымдар арасындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға түрткі болып, олардың кәсіби және шығармашылық дамуына ықпал етеді.