Baltic Triangle Liverpool

Баяндама Қазақстан үкіметін қолдау мақсатында жасалды. Нұсқаулықта креатив индустрия секторының өсу мен дамуға жетелейтін құрал ретінде креатив хабтар құру және дамыту бойынша ұсыныстар бар.

Саясатты анықтайтын тұлғалар мен ұйымдарға (полиси-мейкерлерге) арналған бұл ұсыныстар нақты деректер мен сандық және сапалық зерттеулер, сондай-ақ креативті секторының, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер пікіріне негізделген.

Құжат Ұлыбритания (Counterculture) және Қазақстан (Almaty Management University жанындағы Креатив Индустрия орталығы) зерттеушілерімен серіктестікте жасалынған. Есеп Қазақстанның креативті кәсіпкерлігін қолдау саясатын дамуына көмектесетін Ұлыбританияның озық тәжірибесіне сүйенеді.