Креатив коллаборацияларға арналған грант байқауы

Қазақстан мен Ұлыбританияның серіктестері арасындағы шығармашылық ынтымақтастыққа арналған гранттардың екінші байқауын жариялаймыз.

Байқаудың мақсаты – Қазақстан өнер адамдары мен арт-институттарды Ұлыбританиялық әріптестермен бірлесе отырып, креатив әрі мәдени серіктестікті орнату және оны дамыту. Сондай-ақ жаңа жобалар мен инновациялық идеяларды жүзеге асыруға ынталандыру.

Назар аударыңыз: Бұл байқау шығармашылық саласындағы кәсіпкерлердің жаңа өнімдер мен қызметтерді әзірлеуге қатысты жобаларын, сондай-ақ, фильмдер мен телебағдарламаларды жасау жобаларын қолдамайды.

British Council креатив коллаборациялар, көрмелер мен турлар ұйымдастыру арқылы Ұлыбританияның мәдениет саласындағы мамандар мен ұйымдар және басқа да әлемдік мәдени әріптестер мен көрермендер арасында өзара серіктестік пен нетуоркингті дамытып, байланыс орнатуға көмектеседі.

Байқау жеңімпазы болған Қазақстан және Ұлыбританиядағы мәдениет пен өнер саласында жұмыс істейтін кез келген ұйым мен өнер адамы креативті коллаборацияларды дамытуға және инновациялық өнер туындыларын жасауға 10 000 фунт стерлингке дейін грантқа ие болады.

Грант байқауының мақсаты мынадай:

  • ұлыбританиялық серіктестермен бірлесе Қазақстандағы арт-ұйымдарға креатив жобаларды жасауға және оны іске асыруға көмектесу
  • әр түрлі аудиторияға бағытталған, инклюзив және инновациялық бағдарламалар арқылы Қазақстан көрермендерге Ұлыбританияның өнері мен мәдениеті туралы кеңірек түсіндіру және бөлісу
  • ұлыбританиядағы, Қазақстандағы өнер адамдары мен арт-институттар, сонымен қатар мемлекеттік және жеке мекемелер, ҮЕҰ, университеттер, шығармашылық орталықтар арасындағы кәсіби ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға арналған мүмкіндіктерді жасау және бөлісу.

Жобаны жасау аясында климаттың өзгеруі және инклюзия мен этникалық, әлеуметтік және мәдени алуандық мәселелерін қозғайтын басқа да жаһандық сын-қатерлері сияқты өзекті тақырыптар ұсынылады.

Үміткерлер заманауи өнер, театр, кино, музыка, әдебиет және т.б. салалардағы жобаларын ұсына алады. Бұл онлайн және офлайн форматындағы  фестивальдер, қойылымдар, резиденциялар, көрмелер болуы мүмкін.

Өтінім тапсыру шарттары

Грантты алуға Қазақстан мәдениет және өнер саласында жұмыс істейтін ұйымдар үміткер бола алады. «Ұйым» дегеніміз заңды түрде тіркелген, Қазақстанда тіркелген банк шоты бар заңды тұлға. Ұйымның қатарына: бірлестіктер, консорциумдар, қауымдастықтар, қайырымдылық қорлары, жеке және мемлекеттік мекемелер жатады.

  • Өтінімде Ұлыбританиялық серіктесіңізбен бірге дайындаған өнерге қатысты контентті қамтитын жоба ұсынылуы керек. Бұл кез-келген жанрдағы Қазақстандағы бағдарламаның немесе іс-шараның өнерге қатысты контенті бар бөлігі де болуы мүмкін.
  • Егер қазіргі уақытта үміткерлердің Ұлыбританиялық серіктестермен ынтымақтастығы болмаса, өтінімде сізге осындай серіктесті таңдау үшін British Council ұсынысы қажет екенін алдын ала көрсетуіңізді сұраймыз.
  • Ұсынылған жоба немесе іс-шара 2025 жылғы 31 наурызға дейін жүзеге асуы керек.
  • Әр үміткерден тек бір өтінім ғана қабылданады.
  • Үміткерлер грантқа 10 000 фунт стерлингке дейінгі қаржы көрсетілген өтінім жіберуі керек (егер қажет болса, ҚҚС қоса). Алайда ұсынылатын жобалар сұраған қаржыландыруды толық көлемде алмауы мүмкін.
  • Грант алушы Ұлыбританиялық қатысушылар үшін авиакомпанияларды немесе қонақүйлерді таңдағанда British Council-мен алдын ала келісуі керек.
  • Байқау жеңімпаздары жоба аяқталғаннан кейін бюджет, аудитория, БАҚ-тағы қамтылуы және көрнекі материалдар туралы ақпаратты қамтитын қысқаша есеп беруі тиіс. Есеп үлгісі келісімшарт жасау кезеңінде ұсынылатын болады.
  • Төлемдер 2 (екі) бөлікпен жүзеге асады: 75%-ы келісімшартқа қол қойғаннан кейін 30 күн ішінде, ал 25%-ы грант алушы жоба туралы қысқаша есепті тапсырғаннан кейін банк шотына банк аударымы арқылы төлену керек.
  • Грант қосымша қаржыландыру көзі ретінде беріледі және грант алушы басқа қаржы көздері арқылы (ақшалай және (немесе) заттай жарналарды қоса алғанда) жалпы бюджеттің 25%-дан 50%-ға дейін бөлігін жабады деп жоспарланады.
  • Бюджет жоспарын ұсынғанда шығындарды толық бөліп көрсетіп және жобаға басқа көзден келетін қосымша кірісті немесе басқа да көмектерді, оның ішінде заттай көмекті де көрсету қажет.
  • Іс-шара қолжетімді кеңістікте немесе цифрлы платформада өткізілуі керек.
  • Барлық коммуникациялық материалдар мен кеңістіктерде жобаны қолдаған British Council екені көрсетілу керек. Сыртқы байланыста қолданылатын барлық жазбаша және визуал материалдарды British Council арқылы мақұлдануы керек. Серіктес іс-шараға арналған тиімді жарнамалық кампания жасайды деп күтіледі. Сондай-ақ серіктес іс-шараға аудиторияны қалай тартатындығын және оның көлемін қалай жоспарлап отырғанын көрсететін жан-жақты маркетингтік жоспарды бөлісуі қажет.

 Маркетинг жоспарында мына бөлімдер болады:

British Council туралы айту және брендинг: Грант алушылар барлық жарнамалық материалдарда, пресс-релиздерде және жобаға қатысты басқа да ресми хабарламаларда British Council-ден қолдау алғандығы туралы нақты айтуы керек. Міндетті түрде British Council логотипін қою керек, грант алғандығы жөнінде жазылу керек және British Council ұсынған ресімдеуге қатысты тиісті нұсқауларды пайдалану қажет.

Әлеуметтік желідегі жарнама: Грант алушылар өздерінің коллаборациялары мен туындыларын әлеуметтік желілерде белсенді түрде жариялауы керек. Сондай-ақ ақпаратты кеңірек тарату үшін және көбірек аудиторияны қамту үшін British Council-дің тиісті әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарын тегтеп отыру қажет.

Контент жасау: Грант алушылар қызықты, өте сапалы контент жасайды деп күтіледі. Мысалы, коллаборацияның жасалу жолдары, кадрдың артындағы қызықтар және жобаның әсері туралы видеолар, блог жазбалары, мақалалар немесе сұхбаттар болуы мүмкін. Мүмкіндігінше British Council өкілдерін немесе Ұлыбританиялық қатысушыларды да тарту керек, сондай-ақ олардың үлесі мен еңбегін атап өту керек.

БАҚ-пен өзара қарым-қатынасы: Грант алушылар өздерінің коллаборацияларын жариялап отыру үшін жергілікті және ұлттық БАҚ-пен белсенді түрде араласуы керек. Мүмкіндігінше олар British Council өкілдерінің сұхбаттарынан үзінділер енгізіп, British Council-дің Қазақстан және Ұлыбритания арасындағы арт-ынтымақтастықты дамытудағы рөлін атап өтуі қажет.

Іс-шаралар мен көрмелер: Қоғамдық іс-шаралар, көрмелер, көрсетілімдер немесе коллаборация нәтижелерін таныстыру үшін жасалған презентация кезінде British Council жобаға қолдау көрсеткендігі туралы ақпараты бар және оның символикасы бейнеленген маңдайшаларды, баннерлер мен витриналарды пайдалану қажет.

Мысалдар мен сәтті оқиғалар: Грант алушылар коллаборацияның оң нәтижелері мен British Council көрсеткен қолдау туралы мысалдар мен әңгімелер дайындауы керек. Мұндай оқиғаларды серіктестіктің ұзақ мерзімді құндылығын көрсету үшін әртүрлі арналар арқылы таратуға болады: сайттар, хабар хаттар, басылымдар.

Коллаборация туралы құжаттама: Грант алушылар коллаборация процесін фото немесе видеоға түсіру немесе жоба күнделігі арқылы құжаттауы керек. Құжаттаманы кейіннен British Council уеб-сайтында немесе әлеуметтік желілерде аудиторияға коллаборацияның барысы мен нәтижелері туралы айту үшін қолдануға болады.

Өзара ілгерілеу және серіктестік: Грант алушылар ақпаратпен қамту үшін және әсерді күшейту үшін Қазақстандағы немесе Ұлыбританиядағы басқа да өнер ұйымдарымен, өнер адамдарымен немесе мәдени мекемелермен ынтымақтаса алады. Өзара ілгерілеу бастамалары British Council-дің қатысуын және халықаралық арт-коллаборациялардың дамуына қосқан үлесін көрсетуге көмектеседі.

Әсерді бағалау және есеп беру: Грант алушылар жобаның барысы, жетістіктері мен әсері туралы есептерді мезгіл сайын ұсынып отыруы керек. British Council мұндай деректерді Қазақстан гранттық бағдарламаларының жалпы әсерін және өз қолдауының тиімділігін көрсету үшін пайдалана алады. Сонымен қатар, серіктес British Council-ге жоба барысында туындайтын кез келген мәселелер немесе оқиғалар туралы дереу хабарлауы керек. Мұндай ақпаратты бермеу келісімшарттың күшін жоюға әкелуі мүмкін.

  • Осы байқау аясында мына нәрселер қарастырылмайды: а) Конференцияға шақыру немесе басқа да көрсетілімі жоқ іс-шаралар, егер олар осы грант арқылы қолдау көрсетілетін жанды музыканы қамтитын кең бағдарламаның бөлігі болса; b) білім беру іс-шараларына шақырулар (мысалы, курстар, ғылыми зерттеулер, PhD немесе басқа да ғылыми дәреже алу); c) тілдерді оқуды қолдау.
  • British Council қатысушыларға шақырту жасау, виза беру немесе іс-шараға қатысты кез келген басқа да әкімшілік мәселелер үшін жауап бермейді.
  • Грант алуға үміткер ұйымдар Қазақстанда немесе тіркеліп, заңды тұлға ретінде әрекет етуі тиіс.
  • Өтінім ағылшын тілінде жіберілуі керек.

Іріктеу критерийлері

Жоғарыда аталған және төмендегі шарттарға сай келетін жобаларға басымдық беріледі:

  1. Сәтті толтырылған өтініш шығармашылық идеяңыздың неліктен өзекті және эксперименттік екенін көрсетуі керек. Сіздің идеяңыз қаншалықты жаңашыл, қандай жаңа көркем форматты қамтиды; Ұлыбританиямен бірлескен жобаның Қазақстанның шығармашылық секторына қандай пайдасы бар.
  2. Халықаралық мәдени жобалар мен шараларды ұйымдастыру тәжірибесі бар екендігін дәлелдеу.
  3. Қосымша қаржыландыру көздері туралы ақпарат (қаржыдан басқа қолдау түрлерін де көрсетіңіз).
  4. Ұлыбританиялық серіктестердің қызығушылық білдіргенін дәлелдеңіз.
  5. Егер әзірше Ұлыбританиялық серіктестер жоқ болса, онда жобаны жүзеге асыруда қалай көмектеседі сол туралы ақпарат беріңіз.
  6. Көбірек аудиторияны қамту (шараның бейне жазбасы және тікелей эфир сияқты цифрлы компоненттер, көбірек аудиторияның назарын бұру үшін жасалатын шаралар, мысалы қойылымдар немесе концерттер).
  7. Өтініш грант алушының жобаға суретші немесе көрермен ретінде қатысуы үшін ерекше қажеттіліктері бар адамдарға кедергісіз және тең қолжетімділікті қалай жеңілдете алатынын көрсетеді.
  8. Грант алушы теңдік, этникалық, әлеуметтік және мәдени әртүрлілік, қосу және диалог үшін қауіпсіз кеңістік құру шараларын қабылдау қағидаттарымен келіседі.

Егер өтінім шарттарға сәйкес болса, төмендегі ұпай бойынша бағаланады:

  Ұпай (100-ден)
Сапалы шығармашылық идея, өзекті және эксперименталды. Жобаның идеясы жаңашылдықты, жаңа көркем форматтарды қамтиды; Ұлыбританиямен бірлескен жобаның Қазақстанның шығармашылық секторы үшін пайдасы. 25
Ұлыбританиядан серіктестердің қатысуы 20
Үміткердің тәжірибесі 15
Аудитория ауқымы және жобаның әсері 15
Қосымша ресурстар (материалдық және материалдық емес); жоба белгіленген мерзімде қолда бар ресурстармен және белгіленген мерзімде жүзеге асырылуы мүмкін 15
Жоба теңдік, этникалық, әлеуметтік және мәдени әртүрлілік, инклюзия құндылықтарын көрсетеді; қатысушылар мен аудитория үшін іс-шараға дейін және іс-шара кезінде қауіпсіздік ережелері ескеріледі 10

Өтінімді жіберу процесі

Өтінім тапсырудың соңғы уақыты 7 сәуір, 2024 жыл. Өтінім формасын сағат 23.59-ға дейін Астана уақытымен толтыруды сұраймыз.

Төмендегі Downloads (Жүктеулер) бөлімінде өтініш беру сұрақтарын алдын-ала қарау үшін жүктеп алуға болады.

British Council 18 жастан асқан Қазақстан азаматтарын және осы елдерде тұратын барлық үміткерлерді байқауға қатысуға шақырады.

Қатысушылар құрамы тең әрі бәріне бірдей мүмкіндік болу үшін біз әртүрлі ұлттар мен әлеуметтік және мәдени ортасы, сондай-ақ тәжірибесі әртүрлі үміткерлерді байқауға қатысуға қуана шақырамыз. Қосымша ақпарат алу үшін Жаһандық теңдік саясаты туралы хабарлама және Нәсілшілдікке қарсы күрес жоспары.

Өтінімдерді құрамында British Council өкілдері бар комиссия бағалайды.

Есіңізге саламыз: сұхбат тек қысқа тізімге енген үміткерлермен болады (Жоба кестесін қараңыз).

Жоба кестесі

8 наурыз – 7 сәуір, 2024 жыл Өтінімдерді қабылдау
8–27 сәуір, 2024 жыл Іріктеу процесі
29 сәуір – 3 мамыр, 2024 жыл

Қысқа тізімге кірген үміткерлермен сұхбат

Есіңізге саламыз: сұхбат тек қысқа тізімге енген үміткерлермен болады.

Егер сіз 3 мамыр дейін электрондық пошта мекенжайыңызға бізден хат алмасаңыз, өкінішке орай, өтініміңіз таңдалмады.

3 мамыр, 2024 жыл Жеңімпаздарды жариялау (қысқа тізімге енген қатысушылар, осы күні пошталарын тексеру керек)
Мамыр, 2024 жыл Келісімшартқа қол қою процесі
Маусым, 2024 ж. – 31 наурыз 2025 ж. Жобаның іске асуы