Creative Producers, image

British Council Kazakhstan Creative Producers бағдарламасының бесінші жылының басталғанын жариялайды. 

Creative Producers — бұл Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Түркия, Украина, Өзбекстан және Батыс Балқан елдерінің шығармашыл кәсіпқойларына арналған British Council халықаралық бағдарламасы. Қатысушылар Curated Place агенттігімен (Ұлыбритания) ынтымақтасып, креативті продюсерлеу машықтарын дамытады және кәсіби байланыстар желісін кеңейтеді. 

Бағдарлама креативті продюсерлеу кәсібі туралы мағлұматты кеңейтуге және жаңа бастамаларға, ұжымдар мен креативті индустрияларға қолдау көрсету арқылы өршіл және батыл шығармашылық жобаларды іске асыру үшін халықаралық деңгейде кәсіби машықтарды ілгерілету мақсатын көздейді. 

Біз креативті продюсерлерді шығармашылық эксперимент жасауға және мультипәндік және кросс-мәдениетті жобалар жасауға шақырамыз. Бұл осы бағытта күшіңізді сынап көруге тамаша мүмкіндік, бағдарламаға қатысуға өтінім беріңіз!

Білім беру семинарлары шеңберінде қатысушылардың халықаралық командасы шығармашылық идеядан басталатын және оның мақсаттарын, аудиториясын, оны одан әрі жүзеге асыру бойынша тәжірибелік ұсыныстарды тұжырымдай отырып, іске асырылатын жобаны құруға апаратын жолды жүріп өтеді. Жылдан жылға осы бағдарламаның арқасында біз елдің деңгейде, бірақ халықаралық ынтымақтастық құру үшін қажетті қатынас пен байланыс орнатқан креативті продюсерлердің тұрақты және ынталы шығармашылық қоғамдастығын құрып жатырмыз. Бұл шығармашылық көзқарас пен техникалық қиындықтан бастап бюджет, логистика мен аудиторияға дейін креативті продюсерлеудің барлық аспектілерін түсінетін қауымдастық.

Бағдарламаның өткен жылдарда іске асырылуы және шығармашылық продюсерлік жобалар туралы толығырақ ақпаратты мына жерден табуға болады.

Бағдарламаның кезеңдері

Бағдарлама бірнеше кезеңнен тұрады:

  • 2024 жылғы 15 - 19 қаңтар аралығында Curated Place оқытушылары жүргізетін бір апталық онлайн-семинар, 
  • 2024 жылғы 4 - 8 наурызда Албанияда өтетін бір апталық офлайн-семинар, 
  • Бағдарлама сәтті аяқталғаннан кейін таңдалған бағдарлама қатысушыларына қаржылық қолдау жасалады және олар Ұлыбританияда басқа адамдармен танысу және араласу мүмкіндігіне ие болады.

Кім өтінім бере алады?

  • Креативті продюсерлер - бұл мәдени жобаларды іске асыру үшін өзінің әкімшілік, тәжірибелік және техникалық машықтарын шығармашылық және көркемдік процестерді түсіну қасиетімен ұштастыратын шығармашылық жобаның қозғаушы күші.
  • Біз креативті продюсер машықтарын дамытқысы және басқа елдерден келген әріптестермен танысқысы келетін тәуелсіз продюсерлер мен креативті мамандарды, мемлекеттік мәдениет мекемелерінің арт-менеджерлері мен әкімшілерін, суретшілерді, кураторларды, фестиваль ұйымдастырушыларын, театр сыншылары мен драматургтарды, режиссерларды, бишілерді, музыканттарды және мәдени жоба жасауда тәжірибесі бар көптеген басқа шығармашыл мамандарды жобаға қатысуға шақырамыз.

Назар аударыңыз.  Бұл бағдарлама аясында кинофильм жасау және продюсерлеу жобалары бойынша өтінім қабылданбайды, өйткені бұл продюсерлік жұмыстың жеке саласы.  

Әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • 18 жасқа толған болуы керек 
  • Жобаларды нөлден бастап іске асыруда кемінде 3-5 жыл тәжірибесі болуы керек
  • Мәдени және шығармашылық сектор саласындағы жағдайды өзгерту мақсатында осы салаға қатысты жобаның бірегей идеясы немесе тұжырымдамасы әзірленуі керек
  • Жоба орнықты болуы және нәтижені тарату элементтерін қамтуы тиіс
  • Жобада Ұлыбританияның мәдени секторымен өзара әрекеттесу элементтері қамтылуы керек.

Шарттар мен ережелер

Бағдарлама онлайн және офлайн режимінде өтеді және қатысушылар:

  • бағдарламаның барлық кезеңдеріне қатысуы керек (төмендегі негізгі күндерді қараңыз). 
  • ағылшын тілін жақсы меңгеруі тиіс (CEFR шкаласы бойынша B2 деңгейі). 
  • онлайн тренингке аптасына 5 толық күн бөлуі керек 
  • үй тапсырмасын орындауға уақыт бөлуі керек  
  • бағдарлама тәжірибесімен бөлісу үшін сұхбаттарға және/немесе блогтарға қатысуы керек 
  • жоба идеясының кез келген болашақ көрсетілімінде бағдарлама мен серіктестерді құрметтеуі керек. 
  • бағдарламаға қатысушылармен ынтымақтастық пен бірлескен өндіріс үшін ашық болуы керек. 
  • Талаптарға сай келетін үміткерлер болашақта қосымша тұсаукесерлер мен British Council түлектерінің бағдарламаларына шақырылуы мүмкін. 
  • Талаптарға сай келетін үміткерлер жобаға қатысты жаңартылған ақпаратты ұсына отырып және жоба мониторингісі мен бақылауын жүзеге асыра отырып, British Council мекемесімен тұрақты байланыста болуы керек.

Бағдарлама ағылшын тілінде өтетінін және аударма қол жетімді болмайтынын ескеріңіз. 

Біз бағдарламаның талаптарына сәйкес толтырылған өтініштерді ғана қарастырамыз (өтініш беру жолын қараңыз).

Өтініш беру жолы

Өтініш берушілерден онлайн өтініш нысанын толтыру және жіберу немесе келесі сұрақтарға жауаптары бар 3 минуттық бейнені ұсыну сұралады:

  • Бағдарламаға не үшін қатысқыңыз келетінін, бұл сіздің шығармашылық тәжірибеңізге қалай пайда әкеледі деп ойлайтыныңызды және сіздің қалаңыз бен еліңіздегі өнер секторына қалай пайда әкелетінін айтыңыз. 
  • Қолдау мен қаржыландыру қол жетімді болған жағдайда дамытқыңыз келетін жобаның үлгісін келтіріңіз. Жоба туралы және оны дәл қазір жүзеге асырудың маңыздылығы туралы толығырақ айтып беріңіз.

Онлайн өтініштерді немесе бейнелерді ұсынудың соңғы мерзімі - 12 қараша, жергілікті уақыт бойынша 23.59.

Іріктеу

Өтініштерді British Council және Curated Place өкілдерінен құралған бағалау комиссиясы бағалайды. 

Комиссия өтініштерді өтініш берушінің талаптарға сәйкестігі және өтініш нысанында берілген ақпараттың сапасы негізінде бағалайтын болады. Өтінішіңізде бағдарламаға не үшін қызығушылық танытатыныңызды және бұл бағдарлама сіздің еліңіздегі мәдени және шығармашылық индустрияны дамытуға қалай үлес қосуға көмектесетінін нақты көрсету маңызды.  

Қатысушылардың теңдестірілген құрамын қамтамасыз ету үшін біз әртүрлі тәжірибесі бар, ұлты және әлеуметтік/мәдени тегі әртүрлі үміткерлердің өтініштерін ерекше құптаймыз және ынталандырамыз. Қосымша ақпарат алу үшін біздің жаһандық теңдік саясаты туралы мәлімдемемізді және нәсілшілдікке қарсы іс-қимыл жоспарын қараңыз.  

12 қараша, жергілікті уақыт бойынша 23:59-ды құрайтын өтініш беру мерзіміне дейін толтырылып, берілген өтініштерді бағалау комиссиясы назарға алады.  

Іріктеу процесінен кейін British Council мекемесі бағдарламаның қысқа тізіміне енгізілген үміткерлермен сұхбат жүргізе алады. 

Талаптарға сай келетін үміткерлермен 25 қарашаға дейін электрондық пошта арқылы байланыс орнатылады.  

Өтініштердің көптігіне байланысты біз талаптарға сай келмейтін өтініштер бойынша кері байланыс бере алмаймыз.

Негізгі күндер

  • Өтініш берудің соңғы мерзімі: 2023 жылғы 12 қараша 
  • Қысқа тізімге енгізілген үміткерлермен онлайн сұхбат: 2023 жылғы 16-18 қараша 
  • Талаптарға сай келетін үміткерлермен байланыс орнатылатын күн: 2023 жылғы 25 қараша 
  • Онлайн оқыту бағдарламасы: 2024 жылғы 15-19 қаңтар  
  • Албаниядағы офлайн оқыту бағдарламасы, 2024 жылғы 4-8 наурыз 
  • Таңдалған мүшелердің Ұлыбританияға сапары: 2024 жылғы шілде

Curated Place туралы

Creative Producers бағдарламасын Curated Place жүргізеді.

Curated Place - халықаралық қоғамдық бағдарламаларға, ауқымды қоғамдық қондырғыларға, түпнұсқа тапсырыстарға, әртістерді дамытуға, музыкалық стратегияға, іс-шараларды өткізуге және тұрақты өндіріске маманданған, өнермен айналысатын, шығармашылық продюсерлік компания.

Жоба, жарамдылық және критерийлер туралы қосымша ақпарат алу үшін milan.lucic@britishcouncil.org мекенжайына хабарласыңыз.