Британдық Кеңес Қазақстанның креативті индустрияларындағы импакт-инвестицияларға арналған екі зерттеуді ұсынады: зерттеу есебі және оның қорытындыларына негізделген практикалық нұсқаулық.
«Қазақстанда импакт-инвестицияларды тарту үшін креативті бизнесті бағалаудың жаңа тәсілдері» есебінде бизнесті бағалаудың дәстүрлі тәсілдері креативті кәсіпорындардың әлеуметтік және мәдени ықпалын толық ескеруге неге мүмкіндік бермейтіні қарастырылады. Есепте креативті бизнестің осы ерекшеліктерін ескеретін бағалаудың баламалы тәсілдері ұсынылған. Сонымен қатар, онда импактіні бағалаудың әлемдік озық тәжірибелері қарастырылып, импакт-инвесторларға арналған ықтимал сценарийлер айқындалған және креативті кәсіпкерлерге импакт-капитал тартуға әрі әлеуметтік ықпалын кеңейтуге көмектесетін ұсынымдар берілген.
«Инвесторға апарар жол: ақша, құндылықтар және өсудің құны туралы 8 кейс» атты нұсқаулық зерттеу нәтижелерін нақты тәжірибелер арқылы жалғастырады. Қазақстан мен Ұлыбританияның кәсіпкерлері, продюсерлері және инвестициялық қорлардың басқарушылары капитал іздеу жолындағы тәжірибесімен және оның қандай құны болғанымен бөліседі. Нұсқаулық екі елде де креативті секторға инвестиция тартудағы кедергілердің жүйелі сипатқа ие екенін көрсетеді: бедел, мәдени ықпал және әлеуметтік әсер инвестициялық бағалаудың дәстүрлі критерийлерінде сирек ескеріледі. Сондай-ақ бұл жағдайды қаржыландырудың жаңа модельдері, бағалаудың баламалы тәсілдері және кәсіпкерлер, инвесторлар мен институттар арасында ортақ тіл қалыптастыру арқылы қалай өзгертуге болатынын қарастырады. Әрбір кейс талқылауға арналған сұрақтармен толықтырылған, бұл нұсқаулықты креативтілік пен капитал тоғысындағы барлық мамандар үшін практикалық құрал етеді.
Зерттеу есебі, оның қысқаша мазмұны (Executive Summary) және практикалық нұсқаулықты төменнен жүктеп алуға болады.