Crafting futures БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ

Crafting Futures бағдарламасы бүкіл дүние жүзінде қолөнер мен қолданбалы өнердің дамуына қолдау көрсетеді. British Council жүзеге асыратын осы бағдарлама білім алмасу және экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағынан даму мақсатында ресурстарға қол жеткізу ауқымын кеңейтуді көздейді. Crafting Futures бағдарламасы шеңберіндегі жобалар зерттеу жүргізу, ынтымақтастықты кеңейту және білім беру іс-шараларын ұйымдастыру жолымен тәжірибе алмасуға және шеберлердің кәсіби деңгейін жоғарылатуға бағытталған.

Халықаралық ынтымақтастықты жолға қоя отырып, Crafting Futures бағдарламасы Ұлыбританияның және басқа елдердің арасында жаңа әріптестік байланыстар орнатады және тәжірибе алмасуға мүмкіндіктер жасайды. Бағдарлама аясында қолданбалы өнер мен кәсіптерді қолдауға және дамытуға бағдарланған маңызды зерттеушілік және білім беру бастамаларына қолдау көрсетіледі. Crafting Futures дизайнерлер мен шеберлердің жаңа тәжірибе үйренуіне көмектеседі және жаңа нарықтар мен жаңа аудиторияға шығуға мүмкіндік береді де, сол арқылы қолөнер мен қолданбалы өнердің маңызын арттырады әрі бұл секторда білім алмасудың жалғасуына ықпалдасады.

Қазіргі кезде бағдарлама Шығыс және Оңтүстік Азия мен Латын Америкасы елдерінде міне бірнеше жыл іске асырылып отыр. Жобаның мақсаттары Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму саласындағы мақсаттарына сәйкес келеді: 

  • 4-мақсат – Сапалы білім беру: машықтарды, кәсіпкерлікті дамыту және шығармашылық процесспен жасалған бұйымдардың сапасын жақсарту үшін білім беру және оқыту. Халықаралық ауқымда білім мен тәжірибені таратуға арналған зерттеулер және құрал-сайман; 
  • 5-мақсат – Гендерлік теңдік: қолөнермен айналысатын әйелдерді және әйелдер қоғамдастықтарын тану және олар үшін экономикалық мүмкіндіктер жасау; 
  • 8-мақсат – Лайықты жұмыс және экономикалық өсу: шығармашылық әлеует пен инновацияларды инклюзивтік дамыту және баршаға лайықты жұмыс жағдайларын жасау мақсатында жастарды тарту; 
  • 10-мақсат – Теңсіздікті азайту: жаңа мен ескіні, майдагерлік кәсіпті және технологиялық әдістерді, ауыл мен қалаға, мәдени және экономикалық өндіріске тән нәрселерді біріктіру есебінен теңсіздікті қысқарту – баршаға теңдікті қамтамасыз ету; 
  • 12-мақсат – Жауапкершілікпен тұтыну және өндіру: өнімдердің экологиялық тұрақтылығын және көп айналымды түрде пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында орнықты әрі этикаға сай өндіру мен тұтынуды дамыту; 
  • 17-мақсат – Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік: жобалардың барлығын халықаралық ынтымақтастық және білім мен тәжірибе алмасудың негізінде жүзеге асыру.