Қазақстанда, мұғалімдердің Онлайн-қоғамдастығы (ОТС) бағдарламасы, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі "Өрлеу" біліктілікті арттыру Ұлттық орталығымен серіктестікте бірлесіп 2021 жылдың қыркүйек айында іске қосылды.
Бұл бағдарламаға Қазақстанның әр облысының орта мектептерінің 3000-нан астам ағылшын тілі мұғалімдері қатысты. Жақында бұл бағдарламаны университеттердің педагогикалық факультетінің соңғы курсында оқитын ағылшын тілі студенттеріне арнайы ұйымдастырылды.
Бағдарламаның мақсаты - ағылшын тілін дамыту және оқыту стандарттарын жетілдіру, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың тұрақты шешімін әзірлеуде және мұғалімдердің біліктілігін арттырудың цифрлық шешімдерін көбірек еңгізуде көмек көрсету, сондай-ақ шалғайдағы/ауылдық аймақтардағы ағылшын тілі мұғалімдеріне қол жеткізуге және оларға қолдау көрсетуге көмектесу.
Бағдарламаға қатысты толық ақпаратты және тіркелу үшін ardak.bekturova@britishcouncil.org поштасына хабарласуыңызға болады.