Going Global

British Council жыл сайын өткізетін Going Global конференциясы халықаралық білім берудің жаһандық көшбасылары үшін білім берудің көкейтесті мәселелері мен проблемаларын талқылайтын ашық тілдесу алаңын ұсынады. 2004 жылдан бастап бұл іс-шара Ұлыбританияда екі жылда бір рет өткізілетін конференциядан Ұлыбританияда және әлемнің басқа ірі қалаларында кезек-кезек өтетін жыл сайынғы конференцияға айналды. Бұл іс-шара жаһандық білім күнтізбесіндегі міндетті оқиғаға айналды және де пайдалы халықаралық байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.

Конференция алдын ала таңдалған тақырып бойынша бірлескен сессиялар түрінде өтеді. Бұл конференцияға жыл сайын жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, сондай-ақ басқа да білім беру секторларының 1000-нан астам өкілі делегат ретінде қатысады.

Going Global 2015 Лондон

Конференцияға жоғары шендегі басшылар, білім беру жүйесі қызметкерлерінің халықаралық қоғамдастығын құрайтын кәсіпқойлар мен практик мамандар қатысады. Сондықтан біз конференцияның тақырыптары бойынша білім мен тәжірибе алмасуға ықпалдасатын ұсыныстарға мүдделіміз. Әсіресе, бірегей тәсілдемелер және сіздердің іс-тәжірибеде проблемаларды қалай болжап, шешкендеріңіз және өз жұмыстарыңызда мүмкіндіктерді қалай пайдаланғандарыңыз қызықтырады. Саясат пен іс-тәжірибе мәселелері бірге қарастырылатын, мысалы, білім беру секторындағы нақты тәжірибенің саясатты қалыптастыруға қалай ықпал еткені түсіндірілетін ұсыныстар іріктелетін болады.

Спикер және куратор ретінде Going Global 2015 конференциясына қатысу туралы өтінімдер конкурсы жабық. Стендтік баяндама үшін тапсырыстар жұма 2015 жылға 30 қаңтарға дейін қабылданады.

Түйіндемелеріңізде сіздер өздеріңіз таңдаған тақырып бойынша бір немесе бірнеше сұраққа жауап беруге тиіс боласыздар.

Global 2015 Going конференцияға онлайн тіркелу дүйсенбі 2015 жылғы 9 ақпаннан бастап Going Global сайта ашық болады. Алғашқы 5 аптаның ішінде тіркелген қатысушыларда жеңілдіктер алуға мүмкіндік болады. Алғашқы 5 аптадан кейін жеңілдіктер алуа мүмкіндік болмайды. Қосымша ақпаратты осы сілтеме бойынша алуға болады.

Қосымша сұрақтарыңыз болса, Going Global сайтына кіріңіздер немесе Going.Global@britishcouncil.org мекенжайы бойынша біздің қызметкерлерімізге хабарласыңыздар. 

Going Global 2014 Майами

Майамиде 2014 жылғы 29 сәуір мен 1 мамыр аралығында өткен Going Global 2014 конференциясына 1000-нан астам делегат келді. Конференцияға жетпіс елдің өкілдері, олардың қатарында ректорлар, проректорлар, декандар мен министрлер қатысты.

Going Global 2014 конференциясының тақырыбы – «Интеграция, инновация және ықпал».