Біздің ресми IELTS тест орталықтарымыз көру, есту, сөйлеу және оқып-үйрену қиындықтары бар адамдарға көмектесе алады. IELTS тестің өзгертілген нұсқасы қажет болса, тест орталығына үш айдан бұрын ескертуіңіз керек. 

Арнайы жағдайларды (мысалы, қосымша уақыт) қарастыру қажет болса, тест орталығына алты айдан бұрын ескертуіңіз керек.

Сіздің ағылшын тілін білу деңгейіңіз мүгедектік немесе басқа да арнайы қажеттіліктеріңізге қарамастан, әділ түрде бағаланады.

Арнайы шарттар нені қамтиды?

  • брайль қағазы
  • қажетті жерде тоқтау және кідірістері бар арнайы тыңдау бар CD дискісі
  • Тыңдау тестінің ерін арқылы оқу нұсқасы
  • Брайль жүйесінің ұлғайтылған таңбалары және оқу тапсырмасының карточкалары

Қандай көмек түрін алуға болады?

Көру қабілетіңіз нашар болса, біз келесі заттармен қамтамасыз ете аламыз:

  • ұлғайтылған таңбалар
  • Брайль жүйесіне негізделген қағаз тестер
  • жауаптарыңызды жазып алуға арналған көшіруші адам.

Есту қабілетіңіз нашар болса, біз келесі заттармен қамтамасыз ете аламыз:

  • дыбысты күшейтуге арналған арнайы жабдық
  • тыңдау тестінің ерін арқылы оқу нұсқасы.

Дислексия ауруына шалдыққан болсаңыз, біз келесі шартпен қамтамасыз ете аламыз:

  • оқу және жазу тестеріне арналған қосымша уақыт.

Егер арнайы қажеттіліктеріңіз болып, IELTS тест нұсқасын өзгерту керек болса, жергілікті тест орталығына мүмкіндігінше эл. пошта немесе телефон арқылы хабарласыңыз.