Computer-delivered IELTS дегеніміз не?
Біз сізге IELTS тестін өтуді жеңілдеттік. Енді тестті компьютерде тапсыра аласыз. Computer-delivered IELTS көмегімен «Listening», «Reading» және «Writing» бөлімдері электронды түрде толтырылады. Сонымен қатар, «Speaking» секциясы әлі де IELTS бойынша арнайы оқытылған емтихан қабылдаушысымен өтеді. Бұл сіздің сөйлесу дағдыларыңызды бағалаудың ең тиімді тәсілі болып табылады деп санаймыз.
Тест форматы және оның артықшылықтары туралы көбірек білу үшін біздің computer-delivered IELTS парақшасына кіріңіз.
COMPUTER-DELIVERED IELTS ТУРАЛЫ ТАНЫСТЫРУ ВИДЕОСЫ
Біз computer-delivered IELTS тестіне арналған онлайн-видео серияларын дайындадық. Олар сізге компьютерде «Listening», «Reading» және «Writing» секцияларының қалай көрсетілгенін және емтихан кезінде қандай қол жетімді функциялардың бар екенін түсінуге көмектеседі. Тестілеу күні өзіңізді сенімді сезіну үшін барлық сериялармен міндетті түрде танысыңыз.
Computer-delivered IELTS тестіне қалай дайындалу керек?
Computer-delivered IELTS тестіне дайындалуға көмектесу үшін, біз тегін пайдалануға болатын онлайн материалдар тізімін дайындадық. Олар сізге тесттің әр түрлі бөлімдеріне дайындалуға көмектеседі. Соңында өз біліміңізді онлайн таныстыру тестімен тексеруге болады.
«LISTENING», «READING» ЖӘНЕ «WRITING» БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ ТЕСТТЕР
Біздің TakeIELTS веб-сайтына кіріп, «Listening», «Reading» және «Writing» секцияларына негізделген практикалық тесттерді өтіңіз. Практикалық тесттер General Training IELTS үшін де, Academic үшін де қол жетімді.