Уильям Шекспирдің пьесасы

Ұлыбритания, 2014, 2 сағат 53 минут

Шекспирлік «Глобус» театрының қойылымы

Режиссер: Джонатан Манби

Суретші: Колин Ричмонд

Композитор: Джулз Максвэлл

Рөлдерде ойнағандар: Ив Бэст, Клайв Вуд, Жолион Кой, Филипп Коррейя, Рози Хилал

Мысырдың сұлу патшайымы Клеопатра қолбасшы әрі Рим империясының үш көсемінің бірі Марк Антонийдің ой-қиялын жаулап алды. Антоний өзінің әріптестерімен араздасып, Клеопатраның жағына шыққанда, оның құштарлығы империяның қақ жарылуының себебіне айналу қатері туындайды.

Шекспирдің осы маусымдағы үшінші рим трагедиясы «Антоний мен Клеопатра» Марк Антонийдің «Юлий Цезарь» оқиғаларынан көп жыл өткеннен кейінгі хикаясын жалғастырады. Бір-біріне қайшы келетін махаббат пен билікті аңсауды зерделеген Шекспирдің осы ғаламат туындысында ізгілік пен күнәһарлық, мәңгі махаббат пен билікке құмарлық бір-бірімен жымдасып кетеді. «Глобустың» қойылымы пьесада көтерілген барлық маңызды тақырыптарды жақсы ашып көрсетеді, бірақ мұны күтпеген жерден комедияға бейімдеп жасайды.