Осыдан 600 жыл бұрын, 1516 жылы Бургундия герцогтігінде өз шығармашылығымен Орта ғасыр мен Жаңа заманды байланыстыра білген, бірақ өнертанушылар үшін сол күйі тылсым жұмбақ болып қалған суретші Иероним Босх дүниеден өтті. Босхтың мерейтойы болған 2016 жылы оның туындылары кескіндемешінің Солтүстік Брабанттағы туған қаласы Хертогенбосқа қайтып әкелініп, сол жылдың ең басты блокбастер-көрмелерінің бірі – «Иероним Босх. Данышпанның елестері» көрмесіне қойылды.