Уильям Шекспирдің пьесасы
Ұлыбритания, 2014, 3 сағат 9 минут |
Уильям Шекспирдің пьесасы |
Режиссер: Джози Рурк |
Рөлдерде ойнағандар: Том Хиддлстон, Марк Гэтисc, Дебора Файндлей, Хэдли Фрэйзер, Питер Де Джерси және т.б. |
Вольскилердің қолбасшысы Тулл Авфидий Римге шабуыл жасамақ болған кезде, қаланың тұрғындары өздерінің батыры әрі қорғаушысы Кай Марцийді көмекке шақырады. Жаудың жоспарын іске асырмау үшін Кай Марций әскери жорыққа шығады. Дұшпанмен шайқаста ол жеңіске жетеді де, өзі басып алған қаланың атауы бойынша Кориолан деген атқа ие болады. Алайда шайқастан кейін Кориолан әлі де өзіне қастық ойлайтындардың барын және де бұл жолы олардың Римде екенін байқайды.