Гедда мен Тесман шәрбат айын өткізіп, жаңа ғана қайтып оралды, алайда олардың некесі әлден-ақ шытынай бастады. Генералдың қызы Гедданың іші пысты, ол сүймей тұрмысқа шыққан некесінің тұзағына түскенін сезінеді. Тығырыққа тірелген Гедда одан шығудың жолын табу үшін өзінің маңайындағылардың барлығын пайдалануға әрекет жасайды, бірақ сол арқылы жағдайды одан әрі ушықтыра түседі.