Троя соғысы аяқталды. Крит патшасы Идоменей үйіне қайтып келеді. Ғаламат дауыл соғып, кеменің быт-шытын шығарады, бірақ патша тірі қалады да, жағада кездескен алғашқы тірі мақұлықты Посейдонға құрбандыққа шаламын деп ағаттықпен серт береді. Патшаның жолында бірінші болып оның туған ұлы Идамант кездеседі, ол жат елдік екі бірдей сұлу қыз – Илиа мен Электраның жүрегін жаулап алған еді...