Шарлотта Бронтенің романы бойынша

Ұлыбритания, 2015, 3 сағат 45 минут

Корольдік Ұлттық театрдың сахнасындағы «Олд Вик» театрының (Бристоль) қойылымы

Режиссёр: Салли Куксон

Қоюшы суретші“” Майкл Вэйл

Костюмдер бойынша суретші: Кэти Сайкс

Рөлдерде ойнағандар: Мэдлин Уоррол, Феликс Хэйс, Мелани Маршалл, Мэгги Тэгни, Симон Сондерс

Шарлотта Бронтенің біртума туындысына деген ынта роман алғаш рет жарияланғаннан кейін 168 жыл өткенде де бәсеңсімейді. Британдық әдебиеттің үздік шығармасына негізделген батыл әрі серпінді қойылым сахнада Джейн Эйрдің хикаясын паш етеді.

Жетімханада шынашақтай кезінен өткізген өмірі Джейнді есіркеп-мүсіркеген жоқ – бойжеткен кедейлікпен, әділетсіздікпен және сатқындықпен бетпе-бет келді. Алайда жолында тап болған барлық кедергілер жас қызды рухының мықтылығынан және өз жүрегі сілтеген жолмен жүруге деген батылдығынан айыра алмады.

Спектакльдің премьерасы алғаш рет өткен жылы «Олд Вик» театрында (Бристоль) қоюшы режиссер Салли Куксонның жетекшілігімен қойылды.