Кристофер Хэмптонның пьесасы

Шодерло де Лаклоның романы бойынша

Ұлыбритания, 2016, 3 сағат

Режиссёр: Джози Рурк

Рөлдерде ойнағандар: Элейн Кэссиди, Доминик Уэст, УнаСтаббс, Эдвард Холкрофт, Джэнет МакТир

1782 жылы Шодерло де Лаклоның революцияға дейінгі Франциядағы сұрқиялық пен сатқындық туралы әйгілі романы бүкіл дүние жүзінде керемет әсер тудырған еді. Екі жүз жыл өткенде романның сарынымен жазылған Кристофер Хэмптонның пьесасы театр саласында соған ұқсас әсер тудырып, Ұлыбританияның басты театрлық сыйлықтарын, Лоуренс Оливье атындағы сыйлықты және Evening Standard газетінің «ең үздік пьеса» санатындағы сыйлығын жеңіп алды. Джози Рурктың қайта жаңғыртылған қойылымы пьесаның отыз жылдығын атап өтеді.