Альбан Берг

АҚШ, 2015, 4 сағат 14 минут

Дирижер: Джеймс Ливайн

Қоюшы режиссер: Уильям Кентридж

Режиссер: Люк Де Вит

Рөлдерде ойнағандар: Марлис Петерсен, Сюзан Грэм, Даниэль Бренна, Пол Гроувз

«Лулу» Уильям Кентридждің аты-шулы «Мұрын» пьесасынан кейінгі Мет театрындағы екінші еңбегі болмақ. Көркемдік мәнері біртума әрі бірден танылатын Кентридж тартымдылығына ешкім төтеп бере алмайтын, бірақ мінез-құлқы оның қылығына арбалған кез келген адамның өмірінің күл-талқанын шығаратын жас әйел туралы Бергтің естен тандыратын шығармасын қояды. Джеймс Ливайн үшін «Лулу» – мансабындағы межелі опералардың бірі, ол опера Мет театрының репертуарында 1977 жылы алғаш рет көрсетілгеннен бастап оған дирижерлік етіп келеді. Марлис Петерсен өзінің шеберлігін Лулу рөлінде тағы бір рет паш етеді, оның серіктестері Сюзан Грэм (Графиня Гешвитц, Лулуға табынатындардың бірі), сондай-ақ Лулудың арбауына түскен еркектердің рөлдерін ойнайтын Даниэль Бренна, Пол Гроувз, Йохан Ройтер және Франц Грюндхебер болады.