Бернард Шоудың пьесасы

Ұлыбритания,  2015, 3 сағат 26 минут, бір антракт
Корольдік Ұлттық театрдың қойылымы
Режиссер: Саймон Годвин
Суретші: Кристофер Орам
Композитор: Майкл Брюс
В ролях:  Рэйф Файнс, Индира Варма, Тим МакМуллан, Николя Ле Прево, Фердинанд Кингсли

Лондонның Ұлттық театрының жаңа спектаклінде Файнс XX ғасыр драматургиясының қайнар көзіне саяхатқа аттанып, Бернард Шоудың «Адам және ерен адам» пьесасында (1903) Джон Таннердің рөлін ойнайды. 

Өзін қастерлеушілердің Дон Жуан туралы пьеса жазу туралы өтінішіне жауап ретінде Шоу жазып шыққан пьеса көңілдес жігіт туралы аңыздың XX ғасырдың бас кезіндегі Англияның мәдени ахуалына бойлаған және Ницшенің әсерінен драматургтың өзінде пайда болған әлеуметтік пәлсапалық идеялар елегінен өткізілген нұсқасын ұсынады. Қазіргі заманғы Дон Жуан пьесада күш-қайраты тасып тұрған оқымысты плейбой-анархист – пьесаға қоса тіркелген «Революционердің қысқаша нұсқаулығының» авторы ретінде көрсетілген, оны ажал аузында жатқан миллионер өзінің балғын қызы Аннаның қамқоршыларының бірі ретінде тағайындайды.

Еркін ойлы Таннердің және жаңа Дон Жуанды өзінің жұбайы етуге бейім тұрған оның жас протежесінің жақындасуының шытырман оқиғалары пьесаның көрінісіне негіз болады, ал оның үшінші актісі әйгілі интерлюдия – нағыз Дон Жуанның әзәзілмен тозақтағы әңгімесіне арналған.