Джузеппе Верди
АҚШ, 2015, 2 сағат 57 минут Дирижер: Янник Незе-Сеген Қоюшы режиссер: Бартлетт Шер Сценограф: Эс Девлин Рөлдерде ойнағандар: Джефф Мэтси, Димитрий Питтас, Желько Лучич, Чад Шелтон, Александр Антоненко |
Вердидің керемет операсы «Отеллоның» жаңа қойылымымен Мет театрының жаңа маусымы ашылады. Дирижерлік пульт басында – Янник Незе-Сеген, режиссер Бартлетт Шер. Венециялық қызғаншақ мавр рөлінің көпшілікке танымал орындаушысы Александр Антоненко Мет сахнасында Отеллоның ариясын алғаш рет шырқайды. Соня Йончева оның зайыбы Дездемонаның рөлін бірінші рет орындайды, Желько Лучич Ягоның рөлін ойнайды. Спектакльдерге Кассио рөлінде Димитрий Питтас және Лодовико рөлінде Гюнтер Гройссбёк қатысады. Бұл қойылым Корольдік Ковент Гарден операсында, «Ла Скала» театрында, сондай-ақ Бродвейде талай рет жұмыс істеген сценограф Эс Девлин үшін дебюттік қойылым болмақ.