ЭТЮДТЕР

«Этюдтерде» көрерменнің балеттегі ұнататын дүниелерінің барлығы тоғысқан: үлбіреген ақ белдемшесі жарасқан биші қыздар, ақ тоқыма шалбар киген биші жігіттер, сыршыл дуэт пен айбынды соло, бидің асқан шеберлікпен орындалуы, таныс музыка және жігерлі жасампаздықты паш ететін соңғы tutti. Бұл балет «Ландер этюдтері» деген атпен белгілі, ал оның афишада пайда болуы кез келген балет әуесқойының жүрегін лүпілдетіп жібереді.

ТОР

«Тор» балетін америкалық ұлы хореограф Джером Роббинс осыдан едәуір көп уақыт бұрын, 1951 жылы қойған еді, алайда бұл балетті антиквариат деп атауға ешкімнің аузы бармайды – ол Қазіргі заманғы хореография кешінде өзінің лайықты орнын алып отыр. 

ОРЫС МАУСЫМДАРЫ

Ратманскийдің «Орыс маусымдары» – славяндық этнос тақырыбына бағышталған нағыз әнұран. Бұл – көп жағынан Леонид Десятниковтың күрделі, күйгелек, жарқын, масаң да көңілді, сөйте тұра қайғымен сарнаған және түгелдей баурап алатын музыкасының қосқан үлесі. Билер мен костюмдер, әртістердің сахнадағы көңіл-күйі музыкадағы көңіл-күйге түгелдей сай келеді.