Эрнст Теодор Амадей Гофманның сол аттас ертегісі бойынша Юрий Григоровичтің либреттосы (Мариус Петипаның сценарийінің сарыны пайдаланылған)
Ресей, 2014, 2 сағат 24 минут |
Хореография: Юрий Григорович |
Қоюшы суретші: Симон Вирсаладзе |
Рөлдерде ойнағандар: Александр Фадеечев, Мария Жаркова, Анна Никулина, Анастасия Шилова, Андрей Меркурьев, Денис Родькин, Виталий Биктимиров |
Безендірілген шырша өсіп шығатын, ұсқынсыз қуыршақ сымбатты ханзадаға айналатын, ал соғыстың нәтижесі дер кезінде лақтырылған шәркеймен шешілетін балет ертегіге және сол ертегінің бітетінінен туындайтын нәзік мұңға толы. Рождество мен Жаңа жыл күндеріне ең лайықты көңіл-күй – сондықтан да бүкіл Еуропада осы кезде «Шерткіш» қойылымдары өтеді. Юрий Григоровичтің 1968 жылы Үлкен театрда қойылған нұсқасы – әлемдегі ең жақсы нұсқалардың бірі. Тек Мари мен Ханзаданың дуэттері және кордебалеттің теңдесі жоқ вальстері ғана емес, сонымен қатар тіріліп кеткен қуыршақтардың – испандықтардың, қытайлардың, француздардың билері де таңғажайып жасалған. Француз қуыршағының рөлін орындайтын бишіге назар салып қараған жөн – бұл партияны Юрий Григорович көбінесе жуық арада басты рөлдерді ойнауға көшуі мүмкін жас дарындарға береді.